• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 12:37:20
+35°

20 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Ғаламдық жылыну 5 млн адамды баспанасыз қалдырады

Ғалымдар 1900 жылдан 2010 жылға дейінгі барлық климаттық үлгі мен ауа райы жайында мәліметті жинақтап осындай шешім шығарды.

Америкалық ғалымдар климаттың 2020 жылға қарай өзгеретінін мәлімдеді. АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Калифорния штатында аптап ыстық болады. Бұл жайында Еurekalert.org хабарлады. 

Ғалымдар 1900 жылдан 2010 жылға дейінгі барлық климаттық үлгі мен ауа райы жайында мәліметті жинақтап осындай  шешім шығарды.

 Зерттеушілер атап өткендей, ғаламдық жылыну 2030 жылға қарай Үлкен көлдер аймағында және 2050-2070 жылдары Ұлы жазықтарда жылу толқындарының пайда болуының негізгі факторы болады. Ғалымдар ауа температурасының көтерілуіне сезімтал адамдар арасында өлім деңгейін көтеретінін ескертеді.

Климотолгтардың айтуынша,  алдағы уақытта планета температурасы  1,5-2 градусқа артады.  Ал теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты 2100 жылға қарай Жердің бес миллион тұрғыны баспанасыз  қалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір