• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:59:18
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019 Ғылым-білім

Ет жесең экология, айран ішсең атмосфера ластанады: Қазаққа қайтпек керек?

Атмосфераны улайтын зиянды қалдықтарды ең көп бөлетін қой мен сиыр еті және ет өнімдерінің өндірісі екен.

Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерге сүйенсек, әлемдік азық-түлік өндірісі атмосфераға зиянды газ шығындыларының жылдық мөлшерінің төрттен бірін таратады. Ғалымдар азық-түлік өндірісі есебінен табиғатқа келетін шығындар қатарына ормандар мен ағаштардың оталуын да жатқызған. Ет және сүт өнімдерін өндіру табиғатқа келетін шығындардың жартысынан астамын құрайды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, халқымыздың ұлттық тағамдары атмосфераға қаншалықты зиян,  еліміз ет жеуден бас тартып, экологияның жақсаруына қалай үлес қосады деген бірқатар сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Атмосфераны улайтын зиянды қалдықтарды ең көп бөлетін қой мен сиыр еті және ет өнімдерінің өндірісі екен. Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, елімізде 16 ет өңдеу өнеркәсібі жұмыс істейді, етті қайта өңдеу және консервілеу бойынша бір айда шамамен 20 миллион теңгенің өнімін өндіреді. Ал ол зауыттардың экологиялық шығын үшін төлейтін жылдық салықтары зиянның орнын жабуға да жетпейді.

"Біз тұтынатын тағамдар – табиғатты ластаушы басты фактор. Климаттың өзгеруі мен табиғи түрлердің жойылуына да адамдар жейтін азық-түлік әсер етеді", – дейді аталған зерттеуді жүргізген ғалым Джозеф Пур. Оның айтуынша күнделікті ас мәзірін өзгерту арқылы табиғатқа келетін зиянды да азайта аламыз. Әрбір жеген шоколад пен ішкен кофе өндірісі үшін де жыл сайын мыңдаған түп ағаштар кесіліп, ормандар оталады екен. Газ және өзге де жанармай түрлерімен жылынатын жылыжайлардың да көбеюі табиғатқа келетін зиянды еселеп отыр. Күнделікті ішетін сусындар мен шараптардың шыны ыдысы мен пластик бөтелкелерінің зияны туралы айтпаса да түсінікті.

Мұның бәрі еріккеннің ермегі емес екендігін  Халықаралық климат өзгерісін зерттеумен айналысатын сарапшылар (Intergovernmental Panel on Climate Change, IPCC) растап отыр. Аталған ұйымның мүшелері жаһандық жылынудың қатерін азайту үшін ет және сүт өнімдерін мейлінше, аз тұтынуға шақырады. Ет жемедім деп қапа болудың қажеті жоқ, себебі, сіз климаттың жақсаруына үлес қосудасыз. Алайда, аптасына бір рет ет асып, күніне 5 рет сүтпен шай ішпесе көңілі жайланбайтын қазақ үшін бұл тағамдардан бас тарту климаттан бұрын денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Десе де, ағзамыз үйренген тағамды тұтыну – дәстүрге айналғалы қашан?! Алматы қаласы бойынша азық-түлікті тұтыну

Тек Алматы қаласы бойынша жылына бір адам орта есеппен 84 келі ет және ет өнімдерін тұтынады. Жан басына шаққанда бір алматылықтың жылдық ас мәзірінде кемінде 270 келі сүт өнімі бар. Осы көрсеткішті оксфордтық ғалымның айтқанына сүйеніп, 75 есе азайтып, климаттың жақсаруына үлес қосқыңыз келсе, мархаббат!

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір