• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:28:20
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2019 NEWS

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

Әділет министрлігі құжаттарды ауыстырудың керегі жоқтығын мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығының қабылдануына байланысты Әділет министрлігі құжаттарды ауыстырудың керегі жоқтығын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды – сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сондай - ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және т. б. ауыстыру міндетін жүктемейді. Осылайша, құжаттарда астананың бұрынғы атауының көрсетілуі олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.

 Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автоматты түрде өзгертіледі.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы тәртіппен  қабылдайтын болады.

 Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір