• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:30:00
Алматы
+35°

13 ақпан күні елбасы Астанада «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының қатысушыларымен кездесті. Жоба аясында бірнеше жастар топтан оза шауып бәйге алды. Солардың қатарында ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мақпал Мыса да болды. Ақынның тебірене оқыған өлеңі Елбасын да толқытпай қоймады. Өтіп жатқан өмір жайлы өлеңін жан-тәнімен оқыған ақын бүкіл залды аузына қаратты.

Мақпал Мысаның Елбасының алдында тебірене оқыған өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Қайда мені бастайсың, ғарышқа ма?

Досқа да айтпас сыр еді, танысқа да

Сағынышым, сарғайған сағымдардай,

Сен менен алыстама!

 

Оттай шарпып өтетін жалын іштен,

Сағым ба едің, сарғайған сағыныш па едің?

Жанарыңда жақұттай жасын ойнап,

Бақыттың балын ішкем!

 

Тұнжырап тұр таныс қыр, таныс қала,

Арна керек алқынған ағысқа да,

Өмір жайлы өлеңді мен бастайын,

Сен менен алыстама!

 

Түрен тартқан тірішілк тұр өңіңде,

Бір сөз айтып қалсаңшы жүреріңде ,

Өмір зулап барады көз алдымда,

Өлең тулап барады жүрегімде.

 

Арай сыйла сен маған, ай-күн ұсын!

Ұғар дейсің жанымды қай туысым.

Бұл өмірге келгенбіз біздер, бәлки,

Бақыт әнін қосылып айту үшін.

 

Арай сыйла сен маған, ай-күн ұсын!

Ұғар дейсің жанымды қай туысым.

Бұл өмірге келгенбіз біздер, бәлки,

Бақыт әнін қосылып айту үшін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір