• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:22:20
Алматы
+35°

20 Қараша, 2018 NEWS

Елбасы полицейлердің сынға қалған жаңа формасымен танысты (видео)

Алдағы уақытта қазақстандық тәртіп сақшыларын қара көк түсті формада көретін боламыз.

Елбасы көпшіліктің сынына ұшыраған полицейлердің жаңа формасымен танысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтының дерегін негізге алып. ІІМ Қалмұханбет Қасымов қазақстандық құқыққорғаушылардың жаңа формасының артықшылықтарын түсіндірді.

Алдағы уақытта қазақстандық тәртіп сақшыларын қара көк түсті формада көретін боламыз. Полицейлердің формасында "POLITSIIA" сөзі пайда болады, латын әліпбиіндегі бұл жазу шеврондарға да жазылады. Полицейлер жаңа форманы 2019 жылдан бастап киетін болады.

ІІМ айтуына сенсек, қызметкерлердің жаңа формасына 326 млрд теңге жұмсалған. Осыдан бұрын Қасымов төрт жыл ішінде полиция қызметкерлі ыңғайсыз әрі тым ресми форманы ауыстыруды талай рет сұрағанын айтқан болатын.

Ал Елбасы ІІМ реформасы бойынша жиналыста сөйлеген сөзінде министрлікте штаттың қысқаратынын, кезектен тыс аттестацияның өтетінін тілге тиек еткен болатын. Тағы бір айта кетерлігі, полицейлердің жалақысын көтеру үшін 21,4 млрд теңге бөлінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір