• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:09:37
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 NEWS

Егерде Иран АҚШ-пен кезекті келісімшартқа бармаса...

АҚШ алдымен экономикалық санкцияларды қатайтады

АҚШ  алдымен экономикалық санкцияларды қатайтады. Егерде Иран тарапынан АҚШқа қарсы қауыпты , әскери  қимыл байқалса, іс насырға шауып, соғыс басталуы ықтимал.  Бұрын соңды болмаған Иранға алдымен экономикалық соққы болады. Егерде Иран үкіметі АҚШ талабына көнбесе АҚШтың Иранға қарсы  операциясы  екінші кезеңіне өтеді. Екінші кезең : әскери операция. АҚШ ұзақ созбалауға бармайды. АҚШ ракеталық және авиа шабуылын бастайды. Әскери операцияның  авиа -ракеталық соққылар  кезеңі Ирактың әскери, жол  және өндірістік инфрақұлымын талқандаумен бітеді. Иранда парсы ұлтына қарсы(парсылардың үлес салмағы 40%тен  60% ке дейін) ыдырау мен ұлттық және діни сепаратизм  ұйымдастырады. Иран үкіметін сол жолмен құлатып тынады, одан ары Иранның  ұлттарын мемлекеттерге бөлшектеуді басталады.   Курдистан мемлекеті пайда болып үлкен Күрдістан болып бірігеді. Екі Әзірбайжан бір мемлекет болып түбінде бірігеді,Ирак шиит арабтары өлкесін қосып алады.Түркменнің де өз сыбаға- өлкесі бар. Қазақстанға да Иранмен сауданы қысқартуға тура келеді. Бірақ Иранның ядролық қаруы ең алдымен бізге қауыпты еді, сондықтан Иранды жазалау біздің мүддемізден шығады. Мұнай бағасы көтеріліп Қазақстан жүдемейді.

Әзімбай Ғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір