• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:29:19
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2019

Димаш: Интернеттегі дауыс беру ешнәрсені де шешпейді

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов өзінің Instagram парақшасында осыған қатысты пост жариялады

Қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенов «Әлемнің үздік әншісі» байқауына қатысты өзінің жанкүйерлеріне пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов өзінің Instagram парақшасында осыған қатысты пост жариялады.

«Құрметті достар! Америкалық бір сайтта «Әлемнің үздік әншісі» атты байқау болып, оған қатысушылардың тізімінде менің де атым бар екен. Бұны бүгін ғана естідім. Маған қолдау білдіріп, дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз, алайда бұл байқаудың қандай да бір марапаттауға немесе телевизиялық жобаларға еш қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернеттегі дауыс беру жобасы және ол ешнәрсені де шешпейді. Қай жерде болсын қолпаштап, маған ыстық ықыластарыңызды білдіріп отырасыздар. Үлкен рахмет! Шығармашылығымды осыншалықты сүйіп тыңдайтын жандардың болғаны мен үшін үлкен мәртебе. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазады Димаш.

Айта кетейік, америкалық сайттардың бірінде «Әлемнің үздік әншісі» атты интернет байқауы жүріп, Димаш Құдайбергенов алғашында 35-орында болған еді, араға ұзақ уақыт салмай жанкүйерлерінің дауыс беруінің арқасында ол бірден 2-орынға көтерілген болатын. Алайда, дауыс берудің нәтижесі шыққанда ол 369-орынға түсіп қалған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Дорогие друзья!Сегодня я узнал что на каком-то Американском сайте проводился опрос где было упомянуто мое имя тоже.От всей души хочу поблагодарить вас за ваши голоса и за поддержку но это голосование не имеет никакого отношения к каким либо конкурсам,наградам или телевизионным проектам.Это просто интернет опрос и оно нигде ничего не решает))).Огромное спасибо что всегда и везде проявляете свою любовь ко мне и всему моему Казахскому народу.Для меня большая честь иметь таких преданных почитателей моего творчества.Я ваш фанат.Welcome to Kazakhstan!Люблю вас!

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір