• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:08:58
Алматы
+35°

23 Қараша, 2018

Димаш шетелде емес, Ақтөбеде демалғанды жақсы көреді

Ол жерде менің отбасым, атам мен әжем, туыстарым тұрады. Менің шынайы демалатын орным - Ақтөбе

Димаш Құдайбергеннің таланты британдық БАҚ-тың назарына ілікті. Лондондағы кешінен кейін Димаш шетелдік журналистерге бірінен соң бірі сұхбат берді.

Екі сөзінің бірінде Қазақстанды есіне алған. Айтуынша, әлемге ел мәдениетін ана тілінде таныстырып жатқанын мақтан тұтады. Әрі Лондонда жеке кешін өткізуге қолдау білдірген ҚР Мәдениет және спорт министріне зор алғысын білдірді.

♦Димаш Лондон сахнасын қалай бағындырды? (видео)

Сонымен қатар, бұл күндері Димаш Біріккен Ұлыбритания корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ідірісовпен кездесті. Ідірісов Димашты Қазақстанның әлемдегі елшісі деп атады. Себебі әлемдік аренадағы Қазақстанның имиджін де көтеріп жатқандардың бірегейі – Димаш.

Димаш Құдайберген

Сұхбат берумен қатар Димаш елшіліктегі қазақстандық студенттермен кездесті. Қатысушылар фотосессия ұйымдастырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 Елшілік дәлізінде Димаш жиылған жұртқа арнап фортепианода сүйікті әндерін айтты.

Димаш Құдайберген

Сұхбат беруді әнші BBC -дан бастады. Онда Димаш өзінің шығармашылығымен бөлісті. BBC World Service радиостанциясындағы «Cultural Frontine» сенбілік шоуына барды. Бағдарлама жүргізушісі Тина Дахели Димашпен оның музыкалық карьерасы жайлы сұхбаттасты. Радионы күнделікті 75 миллион адам тыңдайды.

♦Кезінде «Борат» деп мысқылдағандар қазақ баласына алғысын боратты

Димаш Құдайберген

«The Independent» интернет-басылымына берген сұхбатында өзінің шығармашылығы жайлы айтты. Журналисті қызықтырған тағы бір сұрақ – әншінің демалатын орындары. Ал Димаш шетелге тек жұмыс барысымен шығып жүргенін айтты.

♦Димаштың анасы келінінің бойында қандай қасиет болуы керек екенін айтты

«Қазақстанда Ақтөбе деген кішігірім қала бар. Ол жерде менің отбасым, атам мен әжем, туыстарым тұрады. Менің шынайы демалатын орным - Ақтөбе», - деп жауап берді Димаш.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір