• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:14:42
Алматы
+35°

Биылғы жылдың мамыр айында Ақтөбеге 150 жыл толады.  Осыған орай танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген концерт қояды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегін негізге отырып. 

Бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырыста мерекелік шаралардың алдын ала жоспары қаралды, солардың ішінде әлемге танымал ақтөбелік Димаш Құдайбергеннің де концерті бар деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге облыс әкімі биылғы жылы халықаралық, республикалық, өңірлік және облыстық деңгейдегі көптеген шаралар өтетінін және ұйымдастырушылар көңіл көтеретін бағдарламалармен шектелмейтінін атап өтті.

«Бастысы – бұл кейін қала тұрғындары мен қонақтарына осы күнді еске салатын, облыс орталығының әрі қарай дамуына қызмет ететін жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандардың ашылуы. Ешбір ақтөбелік бұл үлкен шарадан тыс қалмауы тиіс», –  деді Сапарбаев.

Ақтөбеге 150 жылдығына орай өңірде тұрғын үйлер, жаңа мектептер мен балабақшалар, саябақтар мен гүл бақтары пайдалануға берілмекші. 

Бұдан бөлек, Ақтөбеде Бөгенбай батырға, Есет батыр мен Ақтөбе кеңесінің бірінші төрағасы Василий Зинченкоға ескерткіштер ашылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір