• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:42:48
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Әлеумет

«Досымның басы шабылған денесін анасының үйінің алдына іліп қойды» (видео)

ДАИШ содырлары басып алған қаладағы тұрғындардың ауыр жағдайы баяндалады.

ДАИШ террористік тобы тұрғындарға қатысты қандай қатігез әрекеттерді қолданатыны белгісіз. Сирияда репортаж жасау өте қауіпті. Сондықтан журналистер ДАИШ басып алған жерлерге көп бара бермейді.  Алайда өз өмірін қатерге тігіп Сириядағы жағдай туралы ақпаратты журналистерге жеткізіп отырған тұрғындар бар. Би-би-си корреспонденті соңғы үш айда Ракка тұрғынымен хабарласып тұрды. Ол күнделік жазады. Онда ДАИШ содырлары басып алған қаладағы тұрғындардың жағдайы баяндалады.

Бұған дейін куәгер күнделігінің 1-ші2-ші, 3-ші, 4-ші бөлімін жарияладық

Куәгер күнделігі (5-ші бөлім):

Далады күн жарқырап тұрды. Мұндай ауа райы маған күш бергендей болды, бірақ сауда жүрмеді. Тауарды ДАИШ-тың бірнеше тексеру орындарын өткізу үшін қыруар қаражат кететін. Сондықтан тауар бағасын көтеруге тура келетін. Алайда сауданың жүрмеуі тек қымбатшылыққа ғана байланысты емес. Адамдар үйінен шықпайтын болды.

ДАИШ дүкен иелеріне салық салады. Сонымен қатар, тоқ пен дүкенді жуып, тазалайтын адамға да айлығын беруіміз керек. Осының нәтижесінде, біз шығынға баттық.

Дүкенге досымның анасы кіріп келді. Өңі қашып кеткен. Әлденеге қатты алаңдап тұрғаны көрініп тұрды.

Досыммен наразылық білдіру тобында танысқанбыз. Досым елдің саяси өміріне араласуын тоқтатып, үйленіп, тыныш өмір бастаған.

Досымның анасы ДАИШ содырларының үйге келіп баласын тұтқындағанын айтты. Мен оны тыныштандыруға тырыстым. Досымды бұған дейін де бірнеше мәрте тұтқындап, қайта жіберген еді. Осы жолы да солай болады дедім. Бірақ оны сендіре алмаған секілдімін.

Ол мені де тұтқындамай тұрғанда қаладан кетуім керек екенін айтты. Оның сөзі мені әбігерге түсірді.

Бірнеше күн өтті. Мен дүкендегі сөрелерге тауарды қойып жатқанда досым кіріп келді. Ол маған бүгін үйге басқа жолмен баруымды сұрады. Себебі жаман нәрсе көруім мүмкін екенін айтты. Бірақ не екенін айтпады.

Мен сол күні үйге бұрынғы жолыммен қайттым. Көшеде не көруім мүмкін екені мені қатты қызықтырды. Досым тұратын үйдің жанынан басы жоқ денені көрдім. Денесінде «Шпион және Ислам мемлекетіне қарсы шыққан адам» деп жазылған.

Мұны көргеннен кейін үйге бара алмаймын. Анамның мені мұндай күйде көргенін қаламаймын.

Досымның денесін дәл үйінің алдына, анасының, жақындарының көз алдына іліп қойғаны нағыз қатігездік. Мен бұған шыдай алмаймын.

Күн өткен сайын жағдай нашарлап барады. ДАИШ содырлары революцияға қатысы бар кез келген адамды тұтқындады. Тіпті ол адам революцияға бірнеше ай тіпті бірнеше жыл бұрын қатысса да оларды қудалауын тоқтатпады. Мен де революцияға қатысқан адамдардың бірімін. Наразылық акциясына қатысқандардың барлығымен байланысты үзгенмін. Бірақ бұл жеткіліксіз. Мен кетемін деп шештім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір