• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:27:39
Алматы
+35°

18 Шілде, 2018 NEWS

Дональд Трамп Путиннің алдында неге елпілдеп қалады екен?

АҚШ президентін сынаушылар Трамптың "Ресей президенті Владимир Путинге өз барлаушыларымнан қарағанда көбірек сенемін" дегенін жаппай сынға алған

«АҚШ президентін сынаушылар Трамптың "Ресей президенті Владимир Путинге өз барлаушыларымнан қарағанда көбірек сенемін" дегенін жаппай сынға алған.

17 шілдеде Трамп журналистерді Ақ үйге жинап, "Американың арнайы қызметіне Ресей президентіне қарағанда көбірек сенетінін" айтты.

Трамп Хельсинкиде "сөзден жаңылғанын" мойындады (18 шілде, 2018)».

АҚШ президенті Д.Трамптың Ресей президенті В. Путиннің алдында салмағынан айрылып, епелектеп қалғанын әлем ақпараты жарыса жазуда.

Трамптың Ресей президенті Путинге деген ерекше «сүйіспеншілігі мен зор махаббатының» сырын көпшілігі іштей сезгендерімен, сырттай айғайлап айтып жатқан  жоқ.

Сонымен бірге Трамптың «Еуроодақты тарату керек», Терезе Мэйге «Еуроодақты сотқа бер» деп ақыл айтуы, т.б. қызық-қызық мінездеріне біреудің күлкісі келгенімен, енді біреудің жылағысы келеді. Сондай-ақ, Трамптың екі сөзінің бірі «ақша, пайда табу». Сонда мемлекеттік саясат қайда қалады?

Біреулердің сондағы қандастарымызды жазықсыз жазалап, жер аударып жатқанын көріп, біліп отырып, көршідегі алып мемлекеттің көсемі мені «аға деп айтты» дегені сияқты, Трамптың да Путин алдында өз салмағынан айрылып қалатының сыры неде екен осы?

Жалпы саясатта жеке бастың мүддесі деген боламайды. Тек мемлекеттік деңгейде ғана ойлауды, сөйлеуді, өзін ұстауды талап етеді әлемдік тәжірибе.

Ал мына заман не болып бара жатыр? Кім ұсақтап бара жатқан? Кімді алжығанға жатқызуға болады?

Жалпы, мемлекеттік саясат – ешкімге де ойыншық емес!

Шынында да В. Путин Трамптың АҚШ президенттігіне сайлау кезінде бәсеклксі Хиллари Клинтонды қалай кімнің «зор көмегі» арқасында жер соқтырып кеткенін, оның құпиясын білетін жалғыз адам сияқты.

АҚШ президенті Ресей президентімен еш куәсіз оңашада ұзақ сөйлесулерінің де сыры сол жұмбақ күйінде қалуда.

Сонымен Д. Трамп Путиннің алдында неге елпілдеп қалады екен?

Жұмаш Көкбөрі

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір