• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:18:21
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 NEWS

Денис Тенді кім өлтіргені белгілі болды

Қиясовтан өзге айыпталушылар орындығында Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева отыр.

Жамбыл облысының тумасы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов жасағаны үшін өз кінәсін мойындады. 

Нұралы Қиясов спортшыны пышақпен жарақаттап өлтіргені үшін айыпталып отыр.

"Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын. Бірақ өлтіруді алдын ала жоспарлаған жоқпыз", — деді Нұралы Қиясов.

Қиясовтан өзге айыпталушылар орындығында Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева отыр. Ер адам кісі өлтіргені, әйел адам қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталды. Жұма күнгі сот отырысында Құдайбергенов Тенді өлтіруді жоспарламағанын және оны пышақпен жарақаттамағанын айтқан-ды. Ал Толыбаева жігіттердің қаладағы тұрақтардағы көліктерден айна ұрлап жүргенін білмегенін жеткізді.

Процесс Алматыдағы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотта қазақ тілінде өтіп жатыр.

Денис Теннің қазасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттады.

Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адамдар тонап, кісі өлтіргені, ал әйел қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

Сотта марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ, сотта оқиға болған жерге бірінші болып жеткен екі полицей куәгер болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір