16 Наурыз, 2018 NEWS
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
17 наурызда Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады
Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Республиканың көптеген аймағы антициклонның ықпалында болады. Бірақ дүйсенбіде Ресейдің еуропалық бөлігінен жауын-шашынды ауа ағындарының жылжуына байланысты солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады. Батыс облыстарда, керісінше, демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, дүйсенбі жауын-шашынсыз болады. 17 наурызда Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады», — делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір