• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:55:05
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 Спорт

Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы анықталды

Шаршы алаңда жеңілістің дәмін татып көрмеген қазақстандық талантты боксшы Данияр Елеусінов 2019 жылы өткізілетін алғашқы жекпе-жегіне сақадай сай.

Шаршы алаңда жеңілістің дәмін татып көрмеген қазақстандық талантты боксшы Данияр Елеусінов 2019 жылы өткізілетін алғашқы жекпе-жегіне сақадай сай. Жекпе-жек 15 наурызда АҚШ-тың Филадельфи қаласында өткізіледі. Қарсылас- мексикалық Карлос Хименеса есімді боксшы. Бұл 29 жастағы Карлос Хименестің 25 - жекпе-жегі.

 Мексикалық былғары қолғап шебері соңғы төбелесін сәтсіз аяқтап, канадалық Матье Жерменуге есе жіберген. Осыған дейінгі жекпе-жегінің 14- ін жеңіспен (оның ішінде 8-ін нокаутпен) 9 жекпе-жегін жеңіліспен, 1- еуін тең түсумен аяқтаған.

Сонымен қатар, бұл бокс кешінде өнер көрсететіндердің тізімінде атақты Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Габриель Росадо (АҚШ), және олимпиада чемпионы Кэти Тэйлор да бар. (Ирландия).

Қазақстандық Данияр Елеусінов соңғы рет 2018 жылдың қараша айында Монако елінде өткен жекпе-жегінде Маркос Мохику есімді боксшыны жеңген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір