• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:09:37
+35°

15 Ақпан, 2019 Әдебиет

"Бұ қазақта ес жоқ, ертең өлген соң, мені де «әулие» дейді..."

Дарынды драматург Рахымжан Отарбаевтың өмірден озғанына биыл бір жыл толады

Биылғы жылдың 17 ақпанында Атырау облысының Құрманғазы ауданында 1956 жылы 19 қазанда дүниеге келіп, әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры лауазымды қызметтерін атқарған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері һәм «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда", «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы; Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің "Художественная литература" баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары; жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде жарық көрген және «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған қазақтың белгілі жазушысы, дарынды драматургі Рахымжан Отарбаевтың өмірден озғанына бір жыл толады.

Қақпан

«Басыма түнек үйін саласыңдар. Бұ қазақта ес жоқ,

ертең өлген соң, мені де «әулие» дейді...»

Рахымжан Отарбайдың сұқбатынан.

 

Ай, Рақым көкем-ай!

Тіл – запыран,

у еді.

(Қазақтың рух-туы еді!)

Ойыңыз,

бойға таралып,

Запыс толған сана лық.

Ақ жүректі,

қара ғып.

Жұлып кетті,

ес жимай,

Артыңнан ғана қарадық...

 

Ай, Рақым көкем-ай!

Сардары едің,

сананың.

(Ұлтыңды артық санадың!)

Отына түсіп,

ар-мұңның,

Атыңды алыс шалдырдың.

«Түнек үйін салдырдың...»

Ағзада,

аз-кем шындықты,

Кімге сеніп қалдырдың?!.

 

Ай, Рақым көкем-ай!

Атаның алғыр жалғасы,

(Ғұмыры өткен жар басы)

Сұр-сымбаты – сырықтай,

Сұлу сөзі – құрықтай.

Сақтаған есте,

ұлықтай,

Жеті мүше – жеті жар,

Қағидатын ұмытпай.

 

Ай, Рақым көкем-ай!

Қауғасын тартып,

су ішкен.

(Шірітті ме екен,

у іштен...)

Әділдікті – жақтаған,

Ғаділдікті – ақтаған.

«Қажеті жоқ, – деп.

– Тақ маған!»

Ләміне ылай түсірмей,

Тіл қақпанын,

«таппаған...»

Мыңжан Байжанин

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір