• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:35:48
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...

Сондықтан қазіргі полиция қызметкерлері барынша сақ болуға тырысып жүр

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі есеп беру кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысы мен жемқорлық туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Полиция қызметкерлері көшеде автоматпен жүріп, күнде адам өлтіріп жатқан жоқ. Қазір көшеде емін-еркін жүреміз. Сол тыныштықты кім қамтамасыз етіп отыр? Бірақ барлық полиция қызметкерлерін жақсы деп  мақтай алмаймыз. Біз пара алатын полиция қызметкерлерін қолға түсіріп, заң жүзінде жазалауымыз керек. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Себебі навигатор бар, бәрі жазылады. Сонымен бірге арам жолмен ақша тапқысы келетін полиция қызметкерлері психолог болып келеді. Кімнің пара беріп, бермейтінін жақсы біледі. Егер алдына келген адам пара бермейтін адам болып, бірден видеоға түсіріп алса, нан тауып отырған жұмысынан айырылатынын біледі. Сондықтан қазіргі полиция қызметкерлері барынша сақ болуға тырысып жүр", дейді Бауыржан Байбек. 

Әкім сондай-ақ халықты да жемқорлықпен күресуге шақырды. 

"Адамдар полиция қызметкерлерін пара алды деп сынап-мінеп жатады. Ал пара алған полицейдің үстінен арыз жаз десең, жазғысы келмейді. Жауапкершілікті алғысы келмейді, арыз жазып өз айтқанын, көргенін дәлелдегісі келмейді. Бірге арыз жазайық, бірге қылмысты ашып, дәлелдейік. Тәртіпті бірге енгізейік. Жемқорлық болған жағдайда көптеген адамдар маған хат жазып жатады. Ал оларға мен арыз жазыңыз десем, "оның да бала-шағасы бар ғой, ол да адам баласы ғой", деп басын ала қашады", дейді әкім. 

"Тағы да қайталап айтамын. Полицейлер параны жай-жай алмайды. Заң бұзған адам оның қалтасына тығып, пара береді. Егер полиция қызметкерлері пара сұрап жатса, сіз видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаңыз. Сізден пара сұраған полицей бірден жұмыстан қуылады. Жемқорлықпен біз жалғыз өзіміз күресе алмаймыз. Халықтың да көмегі қажет. Мен қазір полицейлердің қасына бір-бір әкімшілік қызметкерін қойып, "бақылап отыр" деп тапсырма бере алмаймын", дейді Байбек. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір