• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:44:05
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 NEWS

Бас прокурор инспекторларға шабуыл жасау ісін өз бақылауына алды

Полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында "Охотзоопром" мекемесінің инспекторларына шабуыл жасау ісін жеке бақылауына алды. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

"Аталған факті бойынша Бас прокурор оқиғаны жеке өзінің бақылауына алды. Полиция департаменті ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", — деді Лукин.

Бұған қоса, ол ІІМ орталық аппаратының бір топ қызметкері жергілікті полицейлерге көмек көрсету үшін Қарағанды облысына аттанғанын мәлімдеді. 

"Таяу арада қылмыстың ашылатынына сенімдімін. Кінәлі адамдар анықталып, қамауға алынады", — деді Бас прокурордың орынбасары. 

Лукин күдікті кім болса да, қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайтынын атап өтті. 

"Адам өлімі – кез келген жағдайда отбасы үшін, айналасы үшін трагедия. Бас прокурор да, Ішкі істер министрі де аталған істі бақылауына алғанына сендіргім келеді. Күдікті кім екеніне қарамастан, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қылмыстық кодекске сәйкес жазаға кесіледі", — деп сендірді Лукин. 

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" мекемесінің  инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер оларға қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, Астана ауруханасына жеткізілді. Қызметкерлердің бірі бірнеше сағаттан кейін жан тапсырды. Ал кеше кешке екінші инспектордың көз жұмғаны белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір