• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:41:23
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласындағы компаниямен кездесу өткізді

Бақытжан Сағынтаев «Шеврон Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыс. Барлау және Өндіру» президенті Тодд Левимен кездесу өткізді

Бақытжан Сағынтаев «Шеврон Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыс. Барлау және Өндіру» президенті Тодд Левимен кездесу өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы компаниямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС, Қарашығанақ жобасы және Каспий құбыр консорциумы бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

«Шеврон» компаниясы «Pacific Oil Coast Co» атауымен 1879 жылы құрылған. Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында орналасқан (Калифорния, АҚШ), операциялары әлемнің 180 елінде жүргізіледі. Қызметкерлер саны шамамен 62 мың адам. Компания капиталы $232 млрд құрайды.

Қазақстанда «Шеврон» «Теңізшевройл» ЖШС-на (50%), Қарашығанақ жобасына (18%), Каспий құбыр консорциумына (15%) қатысады. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жобасы туралы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде ҚР мен «Шеврон» компаниясы арасында қол қойылды. Көмірсутегін барлау және өндіруге арналған лицензия ТШО-ға 1993 жылы 40 жыл мерзімге берілді. 2018 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 27,8 млн тоннаны құрайды.

 

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір