• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:34:39
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Экономика

Банк таңдағанда неге мән беру керек?

2018 жылдың наурыз айының соңына қарай екінші деңгейлі банктердің активтері 23,8 трлн тг.

Қазіргі банк секторындағы жағдайға байланысты банк клиенттері зардап шегіп жатыр. Қаржы қайтарылмай немесе жартылай ғана қайтарылған жағдайды болдырмау үшін ең алдымен банктердің активтері мен қарыз портфеліне мән беру керек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2018 жылдың наурыз айының соңына қарай екінші деңгейлі банктердің активтері 23,8 трлн тг (былтыр - 25 трлн тг болған).  Оның қарыз портфеліне 56% немесе 13,3 трлн теңгеден келеді (былтыр - 15,2 трлн тг болды).

Екінші міндеттер мен салымдарға жіті назар аудару керек. Салымдағы өзгерістер мен екінші деңгейлі банктердің міндеттерін бақылау қажет. Салымдар бірден төмендесе банкте қаржылық қиындықтар болады. Екінші деңгейлі банктердің жалпы соммасы - 20,7 трлн тг (былтыр - 22,1 трлн тг болатын). Оның 16,4 трлн тг – депозит (былтыр - 16,6 трлн тг болды).

Актив көрсеткіші бойынша көшбасшы ондықтағы банктер: Халық банкі - 4,7 трлн тг, Цеснабанк - 2 трлн тг, Сбербанк - 1,7 трлн тг, ForteBank - 1,5 трлн тг, БЦК - 1,4 трлн тг, АТФБанк - 1,3 трлн тг, Еуразия  - 958,6 млрд тг, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - 824,5 млрд тг және Ситибанк - 620,9 млрд тг.

Үшінші көрсеткіш – төлену қажет мерзімінен 90 күн (NPL+90) өтіп кеткен кредиттер.  NPL+90 төмен болған сайын банктің қаржылық жағдайы жақсы екенін білдіреді.

Қазір барлық банк секторының NPL+90 - 10,01%. Ситибанкте кредит бойынша аталмыш олқылықтар жоқ. Себебі қарыз портфелінің соммасы - 89,7 млрд тг.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - 0,26% (былтыр - 0,43% болған).

Ірі банктердің арасында NPL+90 бойынша көрсеткіші төмен «классикалық» бизнес-моделінің өкілдерінің арасында Цесна банкті атауға болады. Одан кейін Сбербанк. Көшбасшы үштікті БЦК тәмамдайды.

Банктің қаржылық деңгейінен хабар беретін көрсеткіштердің бірі – халықаралық тәуелсіз агенттіктердің кредиттік рейтингі. Мәселен Moody's, Standard and Poor's және Fitch Ratings. Аталмыш агенттіктердің ұзақ және қысқа мерзімді рейтингі жоғары болған сайын банктің жұмысы жақсара түседі. Сәйкесінше қаржыны жоғалту қатері төмендейді.

Банк таңдауда ең соңғы мән беретін мәселе – ҚР Ұлттық банктің пруденциялық нормативтері мен екінші деңгейлі банктерде орындалуы.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір