• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:08:51
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018

Аялдамада тұрған кім? Жамбыл ма, Құрманғазы ма?

Өткендегі Шерхан жазушыны мен Мұқтар ақынмен шатастырғандардың істегені шығар?

Мұнайдар Балмолда есімді азамат өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында 16 сағат бұрын мынандай жазба жариялапты: «Орал. Зашаған ықшамауданында орналасқан аялдама. Біз жыр алыбы Жамбылды көріп тұрмыз. Ал төмендегі жазу: "Бұл күй атасы - Құрманғазы" деп талас тудырып тұр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Ғаламтордан "Жамбыл Жабаев" деп іздесеңіз де, осы сурет шыға келеді. Құрманғазы атамыздың бейнесі басқаша ғой. Әй, әй, әй... Білетін адамдармен, суретшілермен ақылдасып алса, қайтер еді? Асығыстық күйдіреді. Мен негізі өз парағыма келеңсіздікті жариялауға құлықсызбын, мамандығым суретші болғасын , бұл жолы шыдамай кеттім -ау. Қайтейін? Сын түзелмей, мін түзелмейді».

Жамбыл Жабаев

111 адам "назар аударуға тұрарлық" деп лайк басқан жазбаның астына пікір қалдырғандардың саны - 66. Солардың ішінен бірен-саранын іріктеп, назарларыңызға ұсынып отырмыз:

Гүлжан ОзықбаеваҚателесіп жіберген шығар. Бала кезден Жамбыл атамыздың осы суретіне көзіміз үйренген. Жыр алыбы Жамбылдың суреті ғой. Өткендегі Шерхан жазушыны мен Мұқтар ақынмен шатастырғандардың істегені шығар?

Kenzhaly Mendikhanov: Бұл деген бізде идеология жоқтығын көрсетеді. СССР-ды жатып алып жамандаймыз, ол үкіметтің де жаман жағы да, жақсы жағы да болды, соның ішінде идеология мәселесіне қаттты көңіл бөлінді, баланы "бесігінен" бастап коммунистік тәрбиеге үйретті. Совет заманы болса, бір-екі бастықтың басы кететін еді, бұл жағдайда.

Жәнібек Исмурзин:Бұл сурет осы аялдамаға ілінгенше қаншама қолдан өтті. Бет-бейнесін компьютерге енгізгеннен бастап. Сонда мəдени һəм рухани сауаты бар бір пенденің көзіне түспегені ме? Құрманғазы бабаның жасын бұрмалағаны аз дегендей. Енді келіп, өзге емес, өз топырағында істегені мынау...

Сағат сайын қызу пікірталасқа түсіп жатқан аялдамадағы бейне Жамбыл Жабаев па, Құрманғазы ма, осыған нақты жауап алу үшін Қамшы.кz  Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы, жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлына қоңырау шалды.

“Мынау сөзсіз Жамбыл Жабаевтың өзі. Осы картинаны барлық шарада қолданып жүрміз. Құрманғазымен шатастырулары ұят. Қазақтың маңдайына біткен некен-саяқ асылдарының бейнесін шатастыру – кешірілмейтін дүние» деп қысқа қайырды ағамыз.

Жамбыл атамыздың шөбересі ,журналист Бұлан Жамбылмен тілдестік. Ол кісі де үзілді-кесілді "Авторын білмеймін, бірақ бұл - Жамбыл" деп жауап берді.

Іле-шала БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ербол Көшековке хабарластық. "Зашаған" ықшамауданының өз әкімі бар. Олар бізбен ақылдаспай, осындай өрескел қателік жіберген. Мұндай шатасу бірінші рет орын алып жатқан жоқ. Осыған дейін Салқам Жәңгір мен Бөкейұлы Жәңгір ханды шатастырып алған болатын. Аялдамадан бұл бейне алынып тасталды. Жауаптылар түсініктеме жазады"-деді ол..

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір