• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:51:35
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2019 NEWS

Ахметжан Есімов мемлекет басшысы Тоқаевпен кездесті

Ахметжан Есімов Қазақстан Президентіне Қор қызметінің 2018 жылғы қорытындысы бойынша есеп берді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Аxметжан Есімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Қор қызметінің 2018 жылғы қорытындысы мен алдағы уақытқа жоспарлар туралы ақпарат берілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аxметжан Есімов Қор жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. Қор құрамына кіретін компаниялар оң қаржы көрсеткіштерін көрсетті. Қордың ірі сегіз компаниясының табысы 2017 жылмен салыстырғанда ұлғайды. Осылайша, Қордың компаниялар тобының негізгі қызметінен түсетін табысы 8,5 трлн. теңгеден асты және 2018 жылы 35 %- ға артты.

Таза пайда 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда екі есе көп. Дивиденд көлемі екі еседен астамға артып, 296 млрд. теңгені құрады. Қор компаниялар тобының қарыз деңгейі 1 триллион теңгеге қысқарды. Сыртқы қарыз 4 млрд. АҚШ долларына қысқарды.

Мемлекеттік бюджетке аударымдардың көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 40% артық. Оң өндірістік қаржылық нәтижелер Қорға денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруға және кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына ағымдағы жылға Қордың негізгі жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады. Осылайша, Қордың жоспарлары: «Қазақтелеком» АҚ мен «Эйр Астана» акцияларын IPO-ға шығару, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы, «Fly Arystan» авиа компаниясын іске қосу мен болашақ ұрпақ Қорын құруға бағытталған.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір