• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:33:29
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Атырау қаласында құқық қорғау орталығы ашылды

Біз азаматтарға қажетті, қолайлы жағдай жасауға тырысудамыз – деп атап өтті облыс прокуроры

Атырау қаласында құқық қорғау орталығы ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, бұрын азаматтар әртүрлі көмекті іздеуде қаланың бір шетінен екінші шетіне баруға тура келетін, қазір, олай жүрудің қажетті жоқ, керекті құрылымдардың өкілдері бір ғимаратта орналасатын болады.
Орталықта білікті заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылар, нотариустар, ювеналды қызмет және пробация қызметкерлері жұмыс жасайды. Прокурорлар да бұл жерде өтініштерді қабылдайды, кеңестер, азаматтарға мәселелерді шешу үшін кеңестер береді.
Орталық облыстың әрбір тұрғыны көмекке жүгіне алатын болады.
Әркім білікті заң көмегін алуға құқылы. Біз азаматтарға қажетті, қолайлы жағдай жасауға тырысудамыз – деп атап өтті облыс прокуроры. 

Қазір осы іспен қоса облыс прокуратурасының жаныннан азаматтарды қабылдау орталығын ашу жоспарлануда. Жақында облыс прокуратурасында азаматтарды қабылдауға жаңа жағдайлар жасаймыз. 5 институционалды реформа бойынша Елбасының Ұлт Жоспары 100 нақты қадам бағдарламасын іске асыру шеңберінде біз азаматтардың құқықтарының қорғау сапасын жақсартудамыз. Басты мақсаттарымыздың бірі құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыру – деп қорытындылады облыс прокуроры.

Орталықтың бірінші жұмыс күні облыс прокуроры азаматтарды әртүрлі мәселелер бойынша қабылдап, жедел шешімін тапты.

Орталықтың ашылуында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, облыс тұрғындары үшін орталықтың ашылуының маңыздылығын атап өтті, орталықтың жұмысымен танысып, прокуратура ұжымына және орталық қызметкерлеріне жұмыста сәттілік тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір