• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:25:52
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 Денсаулық

Атақты психологтың жан сыры: реніштің ауыр жүгі мені қатерлі ісікке душар етті

Уақыты келгенде реніш адам организмін жалмай бастайды. Сондықтан сезімдерді өз уақытында еркіндікке босатып қоя берген жөн.

Психологияға қызығатын жандар Луиза Хей деген есімді жақсы таниды. Мотивацияны май шаммен іздеп жүргендер де түбінде Луиза Хейдің жазғандарын шолып өтеді. Тән азабынан бұрын жан азабын тартып жүргеніміз көп болғандықтан Луиза Хейдің кітаптарын жай ғана көзбен шалып өтпей, көңілге тоқып, санаға түйіп, он рет қайталап оқу қажет сияқты. «Қамшы» жақсылықтың жаршысы болғысы келеді. Сондықтан да жазушы Мырзагелді Кемелдің аудармасындағы Луиза Хейдің «Көгілдір кітабын» бірнеше бөлімге бөле отырып, тұрақты түрде оқырманның назарына ұсынып отыруды жөн деп шешті. Бірінші, екіншіүшінші, төртінші  бөлімдер  сайт бетінен шығып үлгерген болатын. Ендігі кезек бесінші бөлімде. Аталмыш бөлім махаббаттың құдыретті күшіне арналған. Қатерлі ісікті небәрі 6 айда жеңіп, барша дәрігерлерін таң қалдырған, 2017 жылы 91 жасында ауырмай-сырқамай көз жұмсаған Луизаның оқиғасы жігерін жасытып алған жастарға үлгі болсын дейміз.

ІІІ тарау. Күш - ішімізде

Бұл тараудағы өте маңызды хабарламаларды бірден қабылдап, сіңіріп алыңыз дей алмаймын. Бұл ойлардың кейбірі сізге ұнар, кейбірі ұнамас, ұнамағанын алып тастаңыз. Егер, сіз, мұндағы тым болмаса бір идеяны алсаңыз, ол сізге қызмет етсе және сіздің өміріңізді бұрынғыдан жарқын етсе, мен ризамын.

Оқыған кезде мына терминдерге назар аударыңыз: күш, ақыл, шексіз сана, жоғарғы күш, Құдай, ғарыштық күш, ішкі ақыл. Бұлардың бәрі – Кеңістік пен сізді басқаратын күштің әртүрлі атауы. Егер осылар сізді қанағаттандырмаса, онымен шектелмей, оған өз ойларыңызды қосыңыз.

Менің ойымша ауру және СПИД деген сөздерді жазғанда екіншісін бас әріппен жазудың керегі жоқ, олай етсек біз оған ерекше мән беріп, күшейткен боламыз.

Біз сырттан іздеп жүрген КҮШ біздің ішімізде екенін түсінуіміз аса маңызды. Біз өз ішіміздегі КҮШ-ке жүгініп, оны біздің жарқын мақсаттарымызда орындауға пайдаланайық.

Мен емші емеспін. Мен ешкімді емдей алмаймын. Мен әркімнің санасы өзін-өзі емдеуге жетсе деймін. Мен адамдар өздерінің қандай тамаша екенін таныса деймін. Осы ғана.

Менің көзімнің жеткені: кез келген проблеманың шешілу құралы – адамның өзіне өзінің махаббаты. Адам өзін күн өткен сайын сүйе түссе, оның өмірі орасан өзгеріске ұшырайды, күн санап жақсы бола береді. Ол армандаған жұмысына қол жеткізеді, қажет ақшаға ие болады, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы жақсарады. Осыған жетудің қарапайым жолы - өзіңді өзің жақсы көру.

Біз өзіміздің шын мәнінде қандай екенімізді біле бермейміз. Біз нақ осы сәтте нені сезініп тұрмыз, соны білмейміз, нені қалап тұрмыз, соны білмейміз. Өмір – саяхат, онда біз өзімізді жаңадан ашамыз. Өзін сүю – эгоизм емес. Ол – ішкі тазару тәсілі: өзін сүюді үйрену арқылы біз өзгені сүюді үйренеміз. Сүюді үйрену мен өмірге қуану арқылы ғана планетамызға шын мәнінде жәрдем бере аламыз.

Біздің әсем де ерекше кеңістігімізді жасаған күш өзінің рухы жағынан махаббатқа ұқсас. Біз: “жерді айналуға мәжбүр етіп тұрған нәрсе – махаббат” дегенді жиі естиміз. Бұл шын мәнінде солай. Махаббат – кеңістікті ұстап тұрған нәрселердің негізі. Оның ыдырап кетпей тұрғанының себепшісі де сол.

Менің жеке басым үшін махаббаттың мағынасы зор. Мен өзімнің өзіме махаббатым туралы айтқанда, “біз шын мәнінде бар екенімізді терең сезінуді” назарға аламын. Сезіну - өз қалпымызды жан-жақты қабылдау, оның ішінде кішкене алаңғасарлық, ұялшақтық секілді онша ұнамды емес мінездер бар. Сонымен бірге, әрине, дұрыс мінездер де бар. Сезіну - өзіңді толығымен және осылар болмаса демей қабылдай алу.

Бақытсыздыққа орай, өзін сүюдің өзі оңай бола бермейді, ол үшін салмақ жоғалту, жұмыстан айырылып қалу немесе төмендеп қалу, дос таңдау, т.с.с. өзгерістер керек болып қалады. Біз өз махаббатымыз үшін де шарт қоямыз. Бірақ, одан басқа да, айқынырақ жол бар: өзіңді осы қалпыңда сүйе білу.

Біздің планетамызда тұтастай алғанда махаббат жетіспеушілігі орын алған. СПИД-тен өліп жатқан адамдар көбейіп жатыр. Бірақ СПИД бізге ішкі кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді, моральдық шектеулердің құрсауынан шығуға түрлі саяси және діни сенімдерді ұмытуға жәрдем береді, бұның бәрі біздің жүрегіміздің әмірін орындауға бағынады. Осыларды жасай алатын адамдар көбейген сайын біздің ең күрделі проблемаларымыздың шешуші жолдары табылады.

Біз жеке өмірде бүкіләлемдік деңгейде өзгерістер болып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондай әлемнің нақ ортасында өмір кешіп келеміз. Осындай күрделі мезгілде өмір сүріп жатқан біздің әрбірімізге, қазір және осында болуымыз керек пе, ескі әлемді махаббат пен тыныштық орнаған жаңа әлем ететін өзгерістердің қатысушысы болуымыз қажет пе, ұдайы таңдау жасайтынымызға сенімдімін.

Балық дәуірінде біз құтқарушымыздан: “Мені құтқара көр! Мен үшін уайымдашы!” деп сұрасақ, енді Су құюшы дәуірі келді. Онда біз өзімізге өзіміз жол табуды үйрену арқылы құтқарушымызды табамыз. Біз қолдау күтетін күштің өзіміз. Біз өзіміз өз өміріміз үшін жауаптымыз.

Мүмкін, сіз өзіңізді бүгін сүйгіңіз келмес? Олай жүре берсеңіз, сіз өзіңізді ертең де, арғы күні де сүйе алмайсыз: өзіңіздің өзіңізге деген келіспеушілігіңіз сізбен бірге ертеңгі күнге жылжи береді. Мүмкін ол жиырма жылға дейін сізбен бірге жүре берер, сіз одан о дүниеге кеткенде де ажырамассыз, кім білсін. Бүгін – нақ бүгін, сіз өзіңізді сөзсіз және алаңсыз сүйе алатын күніңіз. Мен бірін-бірі сүю ешқандай қауіпсіз әлемді құру үшін қолымнан келгенімді жасағым келеді, онда біз, өзіміздің шын мәнінде қандай екенімізді білуден қорықпаймыз; онда біз төңіректегілерімізге айыпталусыз, сынаусыз және көзқарасымызды өзгерте бермей-ақ сүйкімді болар едік. Махаббат біздің өзімізден басталады. Библияда: “Жақын адамдарыңды өзіңді сүйгендей сүй” дейді. Біз бұл ойды өзімізді ұмытқандай ұмытып кете береміз. Шындығында, біз өзімізді сүйе білуді үйренбесек, бізге басқаларды сүю қиынға түседі. Өзіңе деген махаббат – адамға берілген сыйлардың ішіндегі ең ұлығы. Біз өзімізді, қандай болсақ сондай күйде сүйе алсақ, онда өзімізге де, өзгелерге де зиян жасай алмаймыз. Егер әркім өзінің ішкі тыныштығын түсінсе, онда соғысқа, терроризмге, тартып алуға, үйсіздерге орын қалмас еді. Түрлі кеселдер жойылар еді, СПИД-те, қатерлі ісік те, кедейлік те, аштық та болмас еді. Сонымен, мен үшін әлемдік тыныштық пен жайлылық әр адамның ішкі тыныштығы. Тыныштық, түсіну, жаны ашу, кешіре білу, және ең маңыздысы – махаббат. Біздің ішкі күшіміз осы өзгерістердің бәрін өмірге енгізуге жетеді.

Махаббат – ол, таңдауға тұратын нәрсе. Оны ашу, жек көру, мұң секілді етіп таңдау керек. Біз МАХАББАТТЫ таңдай аламыз. Бұл таңдауды іштей бүкіл өміріміз барысында жасаймыз. Олай болса барлық таңдаулардың ішінен махаббатты таңдап алуды қазірден-ақ бастайық. Бұл -ең ұлы күш. Ем беретін күш.

1-бөлім. Сана жетілгенде

Біз санамызды жетілдіре бастасақ және сенімімізді орнықтырсақ, онда махаббат біздің жүрегімізден өзі-ақ еркін ағылады.

Біз тырысып қалсақ, жүректің қақпағы жабылып қалады.

Күш - өз ішімізде

Біздің ішкі күшпен байланысымыз қаншалықты мықты болса, біз өміріміздің барлық салаларында еркінірек бола береміз.

Сіз кімсіз? Сіз неге осы жердесіз? Сіз өміріңізде неге сенесіз?

Адамдар мыңдаған жылдардан бері осы сұрақтарға жауап іздеп жүр және бұл ізденісте олар ылғи да өз ішіне үңілуде. ІШКЕ ЖЫЛЖУ дегеніміз не?

Ішкі күш біздің әрбірімізді махаббат пен тап-таза денсаулыққа, таза қарым-қатынасқа, таза күйіндегі карьерадағы өсуге жетуге алып баратынына мен сенемін. Ол біздің әрбірімізді жарқырап өрлеуге үйрете алады. Келесі қадам – қолайсыз жағдайлар туғызатын тұрмыс үлгісінен босанып шығу. Бұлай ету өте қарапайым: біз өз ішімізге үңілеміз де ішкі күштің қақпасын қағамыз. Ол біз үшін қайсысы дұрыс екенін біледі. Егер бізде өз өмірімізді бізді сүйетін және қолдайтын ішкі күшпен бір қатарға қою тілегі болса, осы жеткілікті. Біз махаббат пен ілгері өрлеуді өз өмірімізге кіргізе аламыз.

Біздің санамыз Бірыңғай Таусылмас Санамен барлық уақытта байланыс жасап тұратынына мен сенемін. Демек, барлық білім мен барлық ақылды біз кез-келген уақытта ала аламыз. Біз Таусылмас Санамен, Кеңістік күшімен байланыстымыз. Ол бізге ішкі саңылау арқылы, біздің Жоғарғы «меніміз» және Біздегі Ішкі Күш арқылы өмір береді. Кеңістік Күші өзінің барлық жасағандарын сүйеді. Бұл күштің негізінде ізгі, жарқын бастау бар және ол біздің өміріміздегінің барлығына басшылық жасайды. Ол жек көруді, алдауды және жазалауды білмейді. Ол – таза махаббат, бостандық, түсіністік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Өз өмірінде әркім Жоғарғы “Меніне” назар аударуы маңызды. Нақ осының нәтижесінде біз өмірдің шын рахатын танимыз. Бұл күшті әртүрлі пайдалануға болатынын біз түсінуіміз керек. Егер біз өткенмен өмір сүруді таңдасақ және біз үшін қолайлы болмаған жағдайлар мен тиімсіз істерге қайта-қайта орала берсек, онда біз орнымыздан ілгері жылжи алмаймыз. Бірақ біз өткеннің құрбаны болудан саналы түрде бас тартып, өз өмірімізді жаңадан құруды бастасақ, онда Ішкі Күш біздің жағымызға шығады. Біз, өмір шын мәнінде тамаша болуы мүмкін екенін біле бастаймыз: Мен екі түрлі күштің болуына сенбеймін. Мен, РУХАНИ БАСТАУ - БІРЛІКТЕ деп ойлаймын. “Ол – сайтан” немесе “Олардан тамұқ лебі есіп тұр” дей салу оңай. Шындығында барлығы біздің өзімізге байланысты. Я, біз, тәжірибе жинақтай және ақыл толыса келе бұл күшті пайдаланамыз, я онымен басқаша айналысамыз. Сайтан шынымен біздің жүрегімізде ме? Ондай болса басқаларды сынап-мінеудің керегі не? Олар бізден қай жағынан ерекшеленеді? Сонда біз нені таңдаймыз?

Айып алдындағы жауапкершілік

Біз өз өміріміздің жақсы да жаман жағдайларын қабылдау мен ойлау модельдерінің жәрдемімен едәуір деңгейде айқындай аламыз деп ойлаймын. Кейбір және одан басқа ойларға баса назар аударамыз. Ол ойлар сезім шақырады. Сол сезімдер мен сенімдерге лайық біздің өмірімізді өзіміз құра бастаймыз. Біздің өмірімізде бір нәрсе бақылауымыздан шығып кетсе, оған өзіңді айыптаудың керегі жоқ. Бірақ айып және де оны өзге біреулерге арту тілегі мен жауапкершілік сезімі арасында үлкен айырма бар. Мен жауапкершілік туралы айтқанда, күшке ие болуды айтқым келді. Айып күшті босқа жұмсатады, оны жүдетеді. Және, керісінше, жауапкершілік бізге өз өмірімізді өзгертуге күш сыйлайды. Біз жазықсыз жазғырылушының ролін ойнаған кезде, өз күшімізді дәрменсіз болуға пайдаланамыз. Бірақ, жауапкершілікті өзімізге алуға шешім қабылдағанымызда, біз адамдар мен жағдайды айыптау арқылы уақытты босқа жоғалтуды тоқтатамыз. Нақтылап айтқанда, БІЗГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ нәрселерді. Кейбір адамдар өздерін ауруға, кедейлікке, кейбір проблемаларына өзін айыптыдай сезінеді. Олар жауапкершілік сезімін айыптылық сезімімен араластырып жібергісі келеді. Мұндай адамдар өзін бір нәрселер үшін барлық уақытта айыптап жүреді, өздерін әбден біткен жолы болмағандардың қатарына қосады. Сонымен бірге олар барлық кемшіліктерге төңіректегілерді де қосады. Бұл өзінің қабілетсіздігін белгілеудің керексіз тәсілі. Өз топшылауларымызда мен бұл комплекс туралы айтып отырғаным жоқ.

Егер біз өз проблемаларымыз бен кеселдерімізді өз өмірімізде жүзеге асырылуға тиіс өзгерістерді түйсіну мүмкіндігі десек, онда, бізде орын бар. Көп адамдар, қайсыбір апатқа ұшыраған соң немесе ауыр кеселмен ауырып тұрғанда, осы оқиғалары туралы өздерінің өміріндегі ең тамаша сәттер ретінде еске түсіреді: нақ солар жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Және, керісінше, көп адамдар, ауырған кезде: “Маған қайдан мұндай ауру тап келе қалды. Дәрігер, мені ертерек емдеңізші!” дейді. Менің ойымша, бұндай кісілер алдағы кезде қиыншылықтарға ұшырайды: олар өз күшімен жазыла алмайды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК – БІЗДІҢ ЖАҒДАЙҒА ҚАРАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАБІЛЕТІМІЗ. Бізде қашанда таңдау бар. Ол, біз шындыққа тура қарап, оны мойындауды қаламаймыз деген сөз емес. Таңдаудың нақты жағдаймен келіспеумен ортақ ештеңесі жоқ. Бұл, біздің тап болған жағдайды қалыптастыру белгілі бір роліміз болғанын мойындағанымызды ғана көрсетеді. Жауапкершілікті ала тұрып, біз Ішкі Құдіретке біздің өмірімізді өзгертуге рұқсат береміз. Бұл жерде былай сұрауға болады және сұрау керек: “Барлығын өзгерту үшін мен не жасай аламын?”. Біздің бәрімізде ішкі, жеке күштің орасан қоры бар екенін түсіну керек. Барлығы біздің соны қалай пайдаланатынымызға байланысты.

Көп адамдар өздерінің онша қолайлы емес отбасында өскенін біледі. Осыдан барып біз, өзіміздің кім екеніміз және өмірмен қарым-қатынасымыз туралы көптеген теріс көзқарастарды аламыз. Менің балалық шағым шексіз қорлау мен қиыншылық жағдайында өтті. Оның үстіне мен зорлықты басымнан өткердім. Мен махаббат пен жылылықты аңсадым, және адамның өзін лайықты сезінуі дегеннің не екенін білмедім. Мен он бес жасқа келгенде үйімнен кеттім, сонда да менің өмірімдегі қасірет тоқталмады. Мен барлық жерде зорлық пен дөрекіліктің түр-түрін көрдім. Менің барлық бақытсыздықтарымның себебі менде балалық шақта қалыптасқан қабылдау мен ойлауды сезіну моделінде екені басыма келмепті.

Әдетте балалар, үлкендер жасаған психологиялық атмосферадан өзінше әсер алады. Қорқыныш пен қорлаудың не екенін ерте сезініп, мен, есейген соң, оларды өз өмірімде қалпына келтіруге тырыстым. Сонда, барлығын бірден өзгертуге менде жеткілікті күш бар екенін мен білмеген едім. Мен өзіме барынша қатты қарадым, оның бәрі махаббаттың аздығы мен өзімнің толық бұзылғаныма және адамдар арасында өмірде керексіз екеніме өзімді тұсап тастағаныма байланысты болды.

Менің өмірімде орын алған және осы күнге дейін жалғасқан оқиғалар өткеннен келген барлық ойлар мен сенімдердің нәтижесі болды. Келіңіз, ұяттан өліп, өткенімізге үңіле бергенді қояйық. Өткенге бай өмірлік тәжірибе ретінде қараңыз. Бұл тәжірибесіз сіз бүгін осында болмас едіңіз. Өзін-өзі жерге ұра беруге қандай негіз бар? Сіз бір нәрсені аяғына жеткізбегеніңізден не болып қалды? Сіз қолыңыздан қалай келсе, солай жасадыңыз. Өткенді махаббатпен өзіңізден қоя беріңіз, оған сізді осы санаға жеткізгені үшін разы болыңыз.

Өткеніміз тек біздің санамызда ғана тұр. Біз оны белгілі бір призмадан қабылдаймыз. Біздің нақ қазіргі күйіміз, нақ осы секундта не жасап және нені сезінгеніміз маңызды. Біз бүгін не жасасақ, ол ертеңгі күнге негіз болады. Сонымен, нақ қазір шешім қабылдаған дұрыс болып шығады. Тек бүгін. Біз нақ қазір қандай ойлар, сенім мен сөздерді тыңдадық, сол маңызды.

Біз саналы түрде өзіміздің сезімдеріміз бен ойларымызды өзгерте бастасақ, онда біз бұндай өзгеріс үшін керектінің бәріне ие боламыз. Бұл қарапайым ақ нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ күштің бастауы қазіргі сәтте екені есіңізде болсын.

Сана – сізге қожалық етпейді, сіз – санаңызға қожасыз, осыны біліп алу маңызды. Сіздің Жоғарғы «меніңіз» - оның қожасы. Сіз ескіше ойлауды қоя аласыз. Сіздің ескі ойларыңыз «Өзгеру деген – қиын іс» деп, өз орнына қайта келуге ұмтылса, онда өзіңізге-өзіңіз мынадай нұсқау беріңіз: «Мен, қазір, өзгеруі қиын емес нәрсеге сеніп тұрмын». Егер қаласаңыз, өзіңізге-өзіңіз ие бола алғанша, осы ішкі монологты көп рет қайталаңыз. Және, осыдан басқа, не айтқыңыз келген болса, нақ соны айтыңыз.

Ойлар су тамшылары деп қабылдап көріңізші. Бір ой – бір тамшы су секілді, онша көп емес. Ал, сіздің ойларыңыз бірінің үстіне бірі қосылып, көбейе берсе, онда тамшылар жинала келе алақандай ылғалды құрады, кейін кішкене шалшыққа, бара-бара су қоймасына айналады. Артынан көл, өзен, теңіз, ақыр соңында мұхит. Демек сіз бір тамшы ойыңызды мұхитқа айналдырғыңыз келе ме? Ол мұхит ластанып, уланған ба, жоқ, мөлдір, таза ма?

Маған: «Мен солай ойлауды қоя алмаймын » деп жиі шағымданады. Мен барлық уақытта: «Жоқ, сіз қоя аласыз» деп жауап беремін. Ойлап қараңызшы, сіз жақсы ойларды ойлаудан жиі бас тартасыз ба? Сізден талап етілетін болмашы ғана нәрсе: «Мен осылай жасаймын» деп өзіңіздің санаңызға нұсқау беру ғана. Сіз шешім қабылдауыңыз керек те, теріс ойларды ойлағанды қоюыңыз керек. Байқасаңыз, мен, сізге, қандай да бір нәрсені өзгерткіңіз келгенде, өз ойларыңызбен күресіңіз деп кеңес бермеймін. Егер сіздің басыңызға бір теріс ой келе қалса, онда сіз оған: «Келіп қалғаныңызға рахмет» деңіз. Сонда сіз істің нақты жағдайын жоққа шығармайсыз және өзіңіздегі жасампаз күшті теріс ойлармен бұзып алмайсыз. Өзіңізге түрлі теріске шығаруларға беріле алатыныңызды, өмірге теріс көзқарастан бас тарта алатыныңызды айтыңыз. Сіз тіптен басқаша ойлау образын қалыптастырғыңыз келеді. Сондай ойдың бар екенін мойындаңыз және ол ойларды қалдырып ілгері жылжыңыз. Өз теріс ойларыңыздың теңізіне сүңги бермеңіз, онда сіз өмір мұхитында да жүзе бастайсыз.

Сіздің мұратыңыз - әсемдік пен сүйіспеншіліктегі өмір бастауының айнасы болу. Өмір сізге өзінің қазынасын ашуға әзір тұр, бірақ ол үшін сіз оған лайық болуға тиіссіз. Ғарыштағы Ақыл мен Сана қашан да сіздің қызметіңізде. Өмір барлық уақытта сізбен қатар келе жатыр, сіздің тірегіңіз сонда. Сеніңіз, КҮШ ӨЗ ІШІҢІЗДЕ деген сөз сіз үшін.

Егер сіз қорқып қалған болсаңыз мына жаттығу сізге жәрдемдеседі. Тыныс алу процесін ойша есіңізге алып көріңізші, сіздің өкпеңіз ауаға қалай толады. Ішке – сыртқа, ішке – сыртқа… Тыныс алу - өмірдегі ең қымбатты субстанция – сізге тегін берілген. Сіз өмір сүріп тұрған кезіңізде бұдан тапшылық көрмейсіз. Сіз осы бағасы биік сыйды қабылдай тұрып, неге екенін қайдам, өмір сізге басқа жағдайларда қарайласпады деп санайсыз. Неге, сіз, қажет нәрсенің бәрінде өмір сізге қарайласпайды деп ойлайсыз? Енді сізге өз бойыңыздағы күштерді де танитын кез келді – сіз неге қабілетті екенсіз, қане? Ішіңізге үңіліп қараңыз, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз.

Біздің бәріміздің жеке пікіріміз бар. Біздің оған құқығымыз бар, және ол менде де бар. Әлемде не болып жатқаны маңызды емес. Бір нәрсе аян: Сіз өзіңізді қызықтыратын нәрсемен ғана жұмыс істеуіңіз керек. Сізге өзіңіздің ішкі жолбастаушыңызбен байланысты реттеу қажет. Ол сіз бергіңіз келетін барлық сұрақтардың жауабын біледі. Ол – ақылдың кені.

Әрбір рет «білмеймін» деп айтқан сайын, сіздің ішкі ақылығыңызға алып барар қақпа жабыла береді. Өзіңіздің Жоғарғы «Меніңізден» алған хабарламаңыз өте маңызды және сізге қайырымды әсер етеді. Егер хабарлама кері әсер берсе, онда сіздің ішкі «эгоңыз» іске қосылғаны деп біліңіз.

Дұрыс таңдау жасасаңы з өзіңізді қолдай жүріңіз, егер таңдауыңызға күдіктенсеңіз, онда өзіңізден: «МЕН БҰЛ ШЕШІМДІ ӨЗІМЕ ДЕГЕН МАХАББАТҚА САЙ ҚАБЫЛДАДЫМ БА? ҚАЗІР ОСЫНЫҢ МАҒАН ҚАЖЕТІ БАР МА ЕДІ?» деп сұраңыз. Кейінірек, бір күн өткен соң, бір айдан кейін, бір жылдан соң – сіз басқаша шешім қабылдауыңыз мүмкін, бірақ сіз өзіңізге осы сауалды ұдайы қоя жүріңіз.

Сіз кімсіз? Сіз нені үйренгіңіз келеді, Сізді неге үйрету керек? Біздің әрбірімізде өзіміздің, ештеңе тең келмейтін мақсатымыз бар. Біз, өзімізді, өзіміздің жеке қабілетіміз, өз мұңымыз, өз қорқыныштарымыз бен кеселдерімізден басқа ерекшерек, биігірек санаймыз. Біз өз тәнімізден де басымырақпыз. Біз, планетада орын алған нәрселердің бәрімен, оның барлық көріністерімен байланыстамыз. Біздің әрбірімізде рухтық бастау бар. Біз – жарықпыз, қуатпыз, толқынбыз және махаббатпыз. Бізде мақсатымызды айқындауға және не үшін өмір сүріп жүргенімізді тануға жетерлік күш бар.

Ішкі дауысқа сеніп

Біз таңдаған ойлар – біздің өміріміз деп аталатын полотноға бояу жағатын шашақ.

Мен ойды өзгерту арқылы өмірдің өзін де өзгертуге болады деп алғаш естігенде, ішкі сезімдерімде төңкеріс болып, алай-түлей күйге түскенмін. Осы идея менің ІШКІ ДАУЫСПЕН байланыстырылатын сезім құбылысы саналатын ІШКІ ҚОҢЫРАУЫМДЫ қозғап кетті. Көп жылдар ішінде мен сол дауысқа еруді үйрендім. ҚОҢЫРАУ «Ия» деген сәтте, ол шешім менің көңіліме қонбаса да, тіптен қияңқы шешім болса да, маған керегі осы екенін білдім.

Сонымен, осы идея мені баурап алды. Менің ішкі дауысым «Ия, бәрі дұрыс» деді.

Бастапқыда бәрі жеңіл болды. Мен басқаша ойлап, басқаша сөйлей бастадым. Сол күндері мен ылғи бірнәрсеге наразы болып жүретінмін және өзіме-өзім аяушылықпен қараушы едім. Мен сол арқылы өзіме аяушылықпен қарайтындай жағдайды өзім туғызатынымды білмедім. Біраз уақыт өткен соң мен өзіме наразы бола беруімнің бұрынғыдан гөрі азая бастағанын байқадым.

Мен өзімнің айтқан сөздерімді өзім тыңдайтын болдым, өзімді өзгертуге тырысып, өз әрекеттеріме есеп бере бастадым. Ол үшін сау тән аффирмацияларын күбірлеп айта жүрдім. Әрине, мен, аффирмацияларды қайталауды ең жеңілірегінен бастадым, соның өзінде аздаған өзгерістер бола бастағанын сездім. Мәселен, мен бағдаршамның жасыл шамына көбірек кезігетін болдым, автотұрақтарда маған орын табыла қалатын болды. Сөйте-сөйте мен өзімді батыл сезіне бастадым, менің мінезімде өркөкіректік пайда болып, өзіме деген сенімім артты. Мен барлық сұрақтарға жауап бере алатындай сенімге ие бола бастадым. Қазір ойлап қарасам, мен осылайша өзімдегі қауіпсіздік сезімдерін тәрбиелеген екенмін. Ол маған өте керек еді.

Өстіп жүргенде мен жатыр рагімен ауырдым. Бұл оқиға мені есеңгіретіп тастады. Егер менің жаным таза болғанда және менде ішкі бір діңгек болғанда ауырмаған болар едім-ау деп ойладым.

Ол күндері маған рак кеселі жылдар бойы жиналған өкпе-реніштің әсері екені белгілі еді. Сол өкпе-реніш жылдар бойы жиналып, организмді мүжи беретін еді. Егер біз өз эмоциямызды тежей берсек, ол түптің-түбінде денеге әсерін тигізбей қоймайды.

Мен өзімнің бойымдағы жиналуы мүмкін өкпе-реніштерді ойша саралай бастадым. Өзім басымнан кешкен тәни, эмоциялық және сексуалдық озбырлықтарды ойымнан өткіздім. Осы ауыртпалықтарға шыдай алмай үйден шығып кеткенім есіме түсті. Үйден кетіп, барлық нашар сезімдерден арылдым деп ойлаппын, шын мәнінде мен оларды өз зердемнің түкпіріне көміп қана қойған екенмін.

Мен бұдан былай бағдаршамның жасыл жарығына қанағаттана бермей, тереңірек іздене бастадым. Менің өмірде өз қалауымша ілгері жылжи алмауыма бала кездегі естеліктерге байланысты қалдықтардан сананың тазармағаны себеп болып тұрғанын түсіндім.

Сөйттім де аффирмацияларды таңертең тұра сала қайталайтын болдым, жатар алдында «Мен сені жақсы көремін, Луиза» дегенді көп рет қайталайтын болдым. Олай айту маған оңай болған жоқ, әр қайталаған сайын менің көзіме жас толып, тынысым тарылды, сөздер тамағымда кептеліп қалды. Бірте-бірте мен бұл сөздерді қалыпты жағдайда айта алатын болдым да, біртүрлі «кванттық секіруге» қол жеткізгендей болдым. Маған өз ашуымнан арылу үшін көп сағаттарымды жалғыздан-жалғыз жүріп айғайлап, жастығымды жұдырықпен соққылаумен өткізуге тура келді. Мен жеңілдей бастадым.

Мен сонымен бірге өз санамды жетілдірумен және кешіре білуді үйренумен айналыстым. Мен пайдаланған тәсілдердің бірі – ата-анамның балалық кездерін зерттеу болды. Байқасам, оларға өз ата-аналарының қарым-қатынасы қолайлы болмаған, өгей әкем ылғи ата-аналарынан соққы жеген, анамды «еркектікі қашанда дұрыс» деп тәрбиелепті. Анам сондықтан да өгей әкенің ығына есіпті. Демек, мені басқаша тәрбиелей алатындай әкем мен шешемнің алдында үлгісі жоқ екен. Мен осыны түсіндім. Сонымен бірге, оларды кешіре білуді де үйрендім.

Ата-анамды қаншалықты көбірек кешірген сайын мен өзімді де кешіргім келді. Өзіңді кешіру – аса маңызды.

Мен өзімді кешіруді үйрене сала, өзіме се не бастадым. Мен адам өзге адамдарға және өмірге сенімі болмаған кезде өзіне де сенбейтінін түсіндім. Дәлірек айтқанда, мен өзімнің Жоғарғы «менімнің» өзім туралы қамқорлық жасауына сенбейді екенмін. Мысалы, біз «Мен енді қайтадан ғашық бола алмаймын, өйткені жанымды жаралатқым келмейді» дейміз. Шын мәнінде, сөйте тұрып біз «Мен өзіме сенбеймін. Мен өзімнің жағдайымның дұрыс болуына ой жібере алмаймын» дейміз.

Мен өзіме сене бастадым, өзіме өзім ғана жәрдем бере алатынымды түсіндім. Маған өзіме сүйіспеншілікпен қарау бірте-бірте жеңіл бола бастады. Менің тәнім де, жүрегім де кеселінен арыла бастады.

Осылай менің рухани өрлеуім басталды. Менің сыртқы келбетім де өзгерді, мені оқушыларым да сағына күтетін болды.

ӨМІРДІҢ ҚАЙ САТЫСЫНДА БОЛҒАНЫҢЫЗҒА ҚАРАМАСТАН, ОҒАН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫҢЫЗ БЕН ОНДА НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН, СІЗ ҚАШАНДА, СІЗГЕ ҚАЗІРГІ ТҮСІНІК-ТАНЫМЫҢЫЗДЫҢ, БІЛІМІҢІЗ БЕН СЕЗІНУІҢІЗДІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ ӨЗ КҮШІҢІЗ ЖЕТЕТІНДІ ҒАНА ЖАСАЙСЫЗ.

Дауыстап айтылған сөздің құдіреті

Өмірден не қалайтыныңызды күнделікті ашық жариялап отырыңыз. Нақ сол жариялаған қалауыңызға ие болып қалғандай жариялаңыз.

Ішкі диалогтың мақамын өзгертуге тырыс. «Солай болса екен», «Керек» (жұмысқа баруым керек, осыны орындауым керек, т.с.с) дегенді мүлде айтпа. Оның орнына «Осылай етемін, ол менің таңдауым» де. «Таңдау» - қандай керемет сөз. «Ұмытпа» деген сөзді ұмытып, «Мархабат. Есіңде болсын» деген сөзді тұтын. Сіз ішкі дауысты, ой-қиялды реттеңіз. Нашар ойлар мен арзан қиялдар келгенде «Жоқ, менде олай болуы тиіс емес» деуді үйреніңіз. Өз өміріңізге өзгеріс енгізе алатын жалғаз адам – СІЗДІҢ ӨЗІҢІЗ.

Сонымен: «ӨЗІН СҮЮ – СІЗ ЖАСАЙ АЛАТЫН ІСТЕРДІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ».

Ескі бағдарламаларды өзгерту

Кішкене болса да, бірінші қадамды жасауды қалаңыз. Не білгіңіз келгеніне өзіңізді жұмылдырыңыз. Және де кереметтердің болатынына сеніңіз.

Өзгеру үшін «жек көремін» деген сөзді айтуды тоқтатыңыз. «Мен машинамды жек көремін» десеңіз сіз жаңа машина алғанда да әлгі жек көру сезімі сақталып қалады.

Сіздің өміріңізде өте жек көруге мәжбүрлейтін нәрселер болуы мүмкін. Одан құтылудың жолы: «МЕН САҒАН МАХАББАТЫМДЫ ЖОЛДАЙМЫН, ЕРКІНДІК БЕРЕМІН ЖӘНЕ АЗАТ ЕТЕМІН» деу.

«Мен - баймын», «Мен – лайықтымын», «Мен өзімді сүйемін», «Мен өзіме барлығына қолым жетуге және бәрін алуға мүмкіндік беремін» деген жөн.

Егер сізде құтыла алмайтын бір әдеттер болса, өзіңізден оның сізге қалай қызмет етіп жатқанын сұраңыз. Сонда сіздің өміріңіз ол әдетсіз жарқынырақ болатынын сезінесіз.

Бір проблемалардың қайта орала беретініне қарап, өзіңіз туралы ешуақытта «мен оншалықты жақсы емеспін» деп ойламаңыз. Үңіліп қарасаңыз, мәселе ЖАМАН адам болғанда еместігін түсінесіз. Мен өзіме «Луиза, сенде бәрі жақсы. Қарашы, сен қаншалықты ілгері кеттің. Саған көбірек жетілу қажет. Және де – мен сені сүйемін» деймін.

Өмірге өзінің байлықтарын көрсетуге мүмкіндік берудің бір жолы -өзіңіз сенетін ақиқаттар жайлы ашық мәлімдеу. Сізге өмірден ләззат алуға кедергі келтіретін идеялар мен ойлардан бас тартыңыз. Өзіңізге және бүкіл әлемге ойлаудың теріс модельдері сіздің қаперіңізден шыққанын жария етіңіз. Өзіңіздегі қорқыныштардан арылыңыз, жүрегіңіздегі тасты лақтырып тастаңыз. Мен мына төмендегі ойларға сенемін және олар маған қызмет етіп келеді:

- Менің білуім тиістің бәрі мен үшін ашық;

- Маған қажет нәрсенің бәрі өз орнымен, уақыт-сәтімен келеді;

- Өмір маған шаттық пен махаббат әкеледі;

- Мен махаббатқа иемін, махаббатқа лайықпын және сүйіктімін;

- Менің денім сау және бақуатпын;

- Мен айналысқан істерімнің бәрінде жетістікке жетудемін;

- Мен өзгергім және жетілгім келеді;

- Менің әлемімде барлығы тамаша.

2-бөлім. Кедергілерді жою

Біз өз ішімізде не болып жатқанын білгіміз келеді. Осылайша біз ішіміздегінің кейбірін шығарып жіберу керектігін білеміз. Біз бір жеріміз ауырғанын жасырмауды үйренеміз – оны босатып қоя береміз.

Бізді шектеп тұрған қабырғаның табиғатын түсіну

Өзін-өзі жек көруді ұдайы сезіну, айып сезімі мен өзіне сыни көзқарас стресстің бірінші себебі және ол иммундық жүйені әлсіретеді.

Біздің көбімізде толыққанды еместік комплексі бар. Біз өзіміздің онша жақсы емес екенімізге, өзімізді ешуақытта жөндей алмайтынымызға сенеміз. Өз кемшілігімізді тауып алғандай болған соң өзгелерде де бәрі бірдей дұрыс болып жатқан жоқ-ау деп ойлаймыз.

Кей адамдар өздерінің алдарына қиын мақсаттар қояды. Біздің өмірге келуіміздің негізгі мақсаты - өзгелердің сөздері мен істеріне ере бермей, өзімізді сүюді үйрену. Біз ата-аналарымыз, достарымыз т.с.с. өздерімізді қоршап тұрғандардың қойған шекарасынан қашан болсын аттап өте алуымыз керек. Кішкене кезіңде мақұлшыл бала болу ұдайы солай қалу емес. Үлкендердің сөзін жаттап өскендер өз өмірлерінде соларды қайталайды. Олай жалғаса беруі тиіс емес. Өз басыңызбен жұмыс істейтін уақыт жетті.

Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады

Сіз байқайсыз ба, адамдар сізге реніш туғызатын сөздерді жиі айтады. Оны олардың сізді жеңілірек басқарып-бағындырғысы келетіндігімен деп түсіндіруге болады.

Көп ата-аналар балаларын айып сезімі болатындай етіп тәрбиелеуге тырысады. Өйткені олардың өздері сондай тәрбие көрген. Көп адамдар ересек болған соң да туыстары мен жақындарының әсерінде қалып қояды. Осының бәрі адамның өзінің өзіне деген құрметінің аздығынан, әйтпегенде ондай жағдайға жібермес еді. Содан барып олар да өзге адамдармен айлалы әрекет жасауға әзір тұрады.

Осы орайда «Жоқ» деп айта білудің маңызы зор. Адамдардың қойып отырған айыбының мағынасыз екенін бетке айтудан жасқанбау керек. Ол үшін ашу шақырудың, ренжудің керегі жоқ. Тек қана олар ойнап жатқан ойынмен ойнағысы келмейтінін айту жетерлік.

Егер сіз істеген ісіңіз үшін өкінсеңіз, дереу тоқтатыңыз. Уақыты өтіп кеткен бір ісіңізге өкіне қалсаңыз, өзіңізді-өзіңіз кешіріңіз. Егер одан біреуге шығын келген болса, шығынды жабуға тырысыңыз және ондай қателікті келешекте қайталамаңыз.

Діни ұйымдар адамдарға айып сезімін егуге әзір тұрады. Осылайша адамдарды бағыныста ұстау оңай, белгілі бір шеңбер не төртбұрыш ішінде тұрған жөн саналады.

Өз эмоциясын басып тастау арқылы және бәрін ішіне сақтау арқылы адамда ішкі аласапыран пайда болады. Оларды сыртқа шығарып тастап тұру керек. Ол үшін мына сөздерді қайталап тұру да жетерлік болуы мүмкін:

- қазір мен өзімдегі барлық ескі түсініктерді бетімен қоя беремін;

- маған өзгеріп тұру ұнайды;

- менің алдағы жолдарым кедергілерден азат;

- мен өткендерімнен азатпын.

Сезімдерге еркіндікке шығуға мүмкіндік беру

Егер біз қайғының ішіндегі ішкі өсуді іздесек, ол да ұлы игілік болып кетуі мүмкін.

Ашу шақырудың да кейде пайдасы бар. Тысқа шығар жол таппай ол іште қалса, кеселге айналады немесе организмнің жұмысын бұзады. Ашу өзіңізге наразы болу сезімі секілді себептен туады. Денемізде қалып қойған ашудың нәтижесі реніш, уайым және депрессия.

Сізді ренжіткен кісінің бетіне не себепті ренжігеніңізді айтудан бастаңыз. Оған шынымен күйінгеніңізді ол сезінетіндей болсын. Былай деп айту керек:

- мен саған ренжідім, өйткені …

- Мен ренжідім, өйткені сен …

- Мен сені … ма деп қорқамын.

Осылай деп болып, ол адамды кешіруге тырысыңыз. Кешіру – ішкі еркіндікті алу. Одан сіз өзіңіз ұтасыз. Мүмкін сіз былай дерсіз:

ҚАЙТЕМІЗ, БҰЛ ЖАҒДАЙ ДА АРТТА ҚАЛДЫ, ЕНДІ ОЛ ӨТКЕН КҮНДЕРДІҢ ЕНШІСІНЕ КЕТТІ. МЕН СЕНІҢ ІСТЕРІҢДІ МАҚҰЛДАМАЙМЫН, БІРАҚ, СЕН ДЕ ӨЗ ТҮСІНІГІҢЕ ҚАРАЙ ОСЫЛАЙ ЖАСАҒАН БОЛАРСЫҢ, НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАНУЫҢ ОСЫЛАЙ ШЫҒАР. КЕЛ, ОСЫМЕН ТОҚТАТАЙЫҚ. МЕН СЕНІ БҰЛ ІСТЕН АЙЫРДЫМ ЖӘНЕ БОСАТТЫМ. СЕН ДЕ, МЕН ДЕ АЗАТПЫЗ.

Осылай деп айта алмасаң, хат ретінде жазып, оны өртеп жіберуге болады. Ешкім жоқ жерде желге айғайлап айтса да болады. Осының бәрі керексіз сезімдерден ажыраудың жолы.

Мүмкін сіз ылғи да наразы болып, я ашуланып жүруге әдеттеніп кеткен боларсыз? Олай да болуы мүмкін. Мен оны АШУЛАНУҒА ӘДЕТТЕНУ деп атаймын. Сәл болса кемерінен шығып, ашулана кетуге әзір тұратындар, өздерінен былай деп сұраса қайтеді:

- Неге мен ылғи да ренжіп жүремін?

- Өзімде ренжітетін нәрселерді болдырмау үшін мен не жасап жатырмын?

- Ренжу мендегі өмірге қарсылық білдіретін жалғыз ғана тәсілім бе?

- Мен неге осындай жағдайда жүргім келеді?

- Менің көңілімді қалдырып жүрген қайсы сенімім?

- Біреулер мені қолайсыздандыруды қалайтындай бір нәрсені мен өзім таратып тұрмаймын ба?

Реніш түрлі кеселдерге себеп

Реніш – ұзақ уақыттан бері басып тастап келе жатқан ашудың қорытындысынан пайда болады. Ол адам денесінің бір жерінде жиналады. Уақыты келгенде реніш адам организмін жалмай бастайды. Сондықтан сезімдерді өз уақытында еркіндікке босатып қоя берген жөн.

Отбасындағы тыйымдарда, әсіресе қыз балаларға ашулану әдепсіздік деп үйретеді. Сондықтан біздер ашуды жұтуға әдеттенгенбіз. Моллюсканың құмның бір түйірін алып оны перламутрмен орай беруінің нәтижесінде маржан пайда болады. Егер біз ашуды ішімізге жинап, сезімдерімізбен орай берсек, онда дененің сол ашу тоқтаған жерінде ісік пайда болады, ол кейде қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан біз өз уайымдарымыздан босанғымыз келсе, онда алға шығып, оларды артқа тастап кетуіміз керек.

Біз өзіміздің сәтсіздіктеріміз бен бір істі көңіліміздегідей етіп орындай алмағанымыз үшін өзімізді айыптамағанымыз жөн. Біз өзімізді айыпты сезінбеуіміз керек. Ешкім де ДҰРЫС ЖАСАМАЙ жатқан жоқ. Кез-келген адам өз түсінігі мен нақты жағдайды санасында қалай қабылдаған болса, соған қарап іс-әрекет жасайды. Біз ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ иеміз және бұл өмірге бір нәрселерді үйренуге келгенбіз. Кез-келген жол дұрыс, себебі ол – ЖОЛ.

Сезімді басып тастау жабығуға алып келеді

Депрессия – бұл ішіңе қарай енген ашу. Ол – көрсетуге құқығың жоқ секілді көрінетін ашу. Мәселен, сіз ата-анаңызға, еріңізге немесе әйеліңізге, бастығыңызға я жан досыңызға ашулану жарамсыз әдет деп санайсыз. Бірақ сіз бәрібір ашулануыңыз мүмкін ғой. Сол жағдайда сіз тығырыққа тірелесіз. Одан құтылу қиын, бірақ онша үмітсіз де емес.

Ең бастысы – ашуды жинамау, ашуланған адамға ашығын айтып салу. Одан ыңғайсызданудың керегі жоқ. Осыған әдеттенсеңіз сіз алдымен шыншылдыққа үйренесіз, бірте-бірте ол мінезден рахат аласыз. Және де күш аласыз. Құдай сізді ол үшін жек көрмейді. Ескі ашуыңыздың бір бөлігінен болса да арылған кезіңізде оның толық шығуына жол табылады.

Қорқыныштың себебі – сенімнің жоғалуы

Қорқыныш біздің планетамыздың тұрғындарына өте тән нәрсе. Оған соғыстар, зорлық-зомбылық, кедейлік, барымта, т.с.с. себеп. Қорқыныш – біздердің басқаларға сеніміміздің жетіспеуінен. Сол себепті біз өмірге сеніммен қарай алмаймыз.

С

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір