• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:09:10
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Астаналық тұрғын суицид жасамақ болған адаммен 2 сағат сөйлесіп, аман алып қалды (видео)

Аталмыш оқиға 15 қаңтарда Иманов-Жұбанов көшелерінің қиылысында орын алған.

Астаналық жігіт көп қабатты тұрғын үйдің төбесіне шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамның өмірін сақтап қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол суицид жасағысы келген Азатты 2 сағат бойы ойынан айнытуға тырысты. 

Аталмыш оқиға 15 қаңтарда Иманов-Жұбанов көшелерінің қиылысында орын алған.  Жігіт болған оқиғаны видеоға түсірген. 

"Бауырым, секірме! Кел, сөйлесейік. Қандай жағдай болды?" деді астаналық жігіт. Ол әдейі уақытты ұтымды пайдаланып, көбірек сөйлесуге тырысады.

"Сенің балаларың бар ма? Не болды? Саған не жетпей жүр?" — деп сұрақтар қойып, асықпай сөйлескісі келетінін айтады. 

♦Отбасындағы қанішер: Баланың жақындары оны қалай суицидке дейін жеткізеді?

Ал суицид жасамақ болған Азат екі ойлы күйге түседі. Алайда "маған жақындасаң секіремін" деп қорқытады. Ал астаналық жігіт болса 2 сағат сөйлесіп, ыңғайлы сәтті пайдаланып оны шатырдан түсіреді. Кейін полиция қызметкерлері Азатты бөлімшеге алып кетті. 

"Мен бұл жігітпен 2 сағат сөйлесіп, ойынан айнытуға тырыстым. Қазір полиция қызметкерлері оны алып кетті. Мен бүгінгінің батыры атандым", — деп күлді астаналық жігіт. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Самоубийца в Астане, живой

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір