• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:14:38
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Астанада жиналған аналар шенеуніктен қазақша сөйлеуді талап етті (видео)

Наразылық білдірген бір адамның жағдайы күрт нашарлап, оны далаға шығаруға тура келді.

Астана қаласында көп балалы аналар әкімшілік қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Астана концерттік залының фойесінде өтуі тиіс "Ашық есік аптасы" кезінде әкім орынбасары Нұрлан Нүркенов сөзін орыс тілінде бастады. Бірақ көпбалалы аналар оның мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етті.

♦"Көп балалы аналардың балаларын тегін курсқа шақырамын" (видео)

Наразылық білдірген бір адамның жағдайы күрт нашарлап, оны далаға шығаруға тура келген. Концерт залының қызметкерлері халықты барынша тыныштық сақтауға шақырды. Алайда оларынан түк шықпаған. 

Астанадағы көп балалы аналар жиынына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келген. Таңертеңнен бері “Астана” концерт залына жиналған жүзден астам әйел әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімінің келуін талап еткен еді.

♦"Бұл бір күнде шешілмейді": Астаналық көп балалы аналар Бақыт Сұлтановқа талап қойды (видео)

Наразы топ алдында бірнеше минут сөйлеген Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктерінің көп балалы аналардың шағымдарын жинауға кіріскенін, мұндай шағымдар арасында аналар бұған дейін айтып келген жәрдемақы мөлшерін көбейту мәселесі де барын жеткізді. Әкімнің айтуынша, бұл шағымдар үкімет жанынан құрылған жұмыс тобына тапсырылады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір