• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:35:34
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 NEWS

Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді

Қала әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімдерін белгілі бір такси жүргізушілер қызмет көрсететін болады.

Астана әкімдігінің шенеуніктері қызметтік көліктен бас тартып, такси қызметін пайдалана бастады. Олардың таксимен жүруі үшін бюджеттен 380 млн теңге бөлінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасының дерегін негізге алып. 

Алғашында көпшілік шенділердің таксимен жүретініне күмәнмен қараған болатын. Алайда шенділер 4 ай таксимен жүріп, 39 млн теңге үнемдепті. 

"Қала әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімдеріне белгілі бір такси жүргізушілер қызмет көрсететін болады. Ал қалған әкімдік қызметкерлері қарапайым адамдар секілді алдын ала тапсырыс беретін болады", - дейді Астана қаласы жүргізушілері Ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Ханкожин.

Әкімдік шенеуніктердің қызметтік көліктерді пайдалануына бұрын 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. Әкімдік осылай бюджет қаржысын үнемдемек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір