• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:47:39
Алматы
+35°

19 Қараша, 2018 Тарих

Арсланбек Сұлтанбеков: Домбыра сазын ескен адайлар

Адайдың шежіре-дастандары Адайдың анасын, яғни Елтайдың жұбайының атын Анайы деп атайды.

Алыста қалған ноғайлар қазақ халқының мына өсиетін есінде сақтап, үнемі айтып жүреді екен:
«Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Біріншісі – ұят болады. Екіншісі – жаман болады. Үшіншісі – обал болады.

 Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұят істі істеме дегені, ұят жанымнан садақа дегені. Бұл бізде «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп тұжырымдалған.

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының жомарттығы, жаманның нәмәрттігі жұғады дегені.

Обал болады дегені – әрбір істің сұрауы бар, адам баласына қиянат жасама, обал мен сауаптың ара жігін ажырата біл дегені».

Қазақ пен ноғайдың бір туған екеніне екі халықтың билеушілердің бас араздықтары кесірінен жылап айрылғандығы жайлы ел жадында мәңгілікке сақталып қалған «Ел айрылған» атты зарлы күй куә.

«Екі туысқан халықтың айырылысуы олардың тағдырындағы қайғылы кезең деп саналады. Оған Шоқан Уәлихановтың мына сөздері айғақ: «Қазақ пен ноғайлардың жылап айрылысуы, сол кезде дүниеге келген аңыз-дастандарда, күйшілердің қобызда ойнаған күйлерінде өшпес із қалдырды. Ол дастан-жырларды, күйлерді тыңдаған кәрілердің сақалдарынан тарам-тарам жас ағып, мұң-шерге батады. «Ормамбет би өлген күн, Он сан ноғай бүлген күн» деп жырлайды дала жыраулары» (40).

Ноғай Ордасының құрамына 20-дан астам тайпа мен ру кірді: найман, қыпшақ, алаша, қаңлы, алшын, қоңырат, қатаған, ұйғыр, тқай, маңғыт және т.б. Бұл – этностық емес, саяси бірлестік болатын. Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы рулар мен тайпалардың едәуір бөлігі этностық табиғаты бірдей, туыстық байланыстары үзілмегендіктен, қазақ халқының жүздеріне кіріп, қалыптасуына қатысты (41)». («Қазақ ру-тайпаларының тарихы: Байұлы туралы» Бейбіт Қойшыбаев, тарих ғылымдарының кандидаты).

Қазақ пен ноғайдың бір туған екендігіне ноғай ақыны Арысланбек Сұлтанбековтың «Домбыра сазын ескен Адайлар» атты мына әні де толықтай куәлік ете алады.

Қара қыс ауылыма келгенде,

Үлпілдеген қар жерге түскенде,

Домбырамды алармын,

Жүрек сазын салармын,

Қайғырғанды еш айтпа!

Домбырамды алармын

Жүрек сазын салармын

Қайғырғанды еш айтпа!

Домбыра сазын ескен Атайлар

Мәнісіне ес берген Анайлар

Естігенге ой беріп

Жүректерге сес беріп

Көз жасты қызғанбастар

Естігенге ой беріп

Жүректерге сес беріп

Көз жасты қызғанбастар

Ей, Домбыра!

Ей, Домбыра!

Ноғайдың қайғысы сансыз күнінде

Батырлары ұйықтамаған түнінде

Жүректерін көтерген

Соғыстарға күш берген

Көпті көрген домбыра

Жүректерін көтерген

Соғыстарға күш берген

Көпті көрген домбыра

Ей, Домбыра!

Ей, Домбыра!  (Ноғай ақыны Арысланбек Сұлтанбековтің домбырамен айтылатын

«ДОМБЫРА» деген әні).

Осы өлең (ән) Режеп Ердоғанның Түрік президенті болып сайлануына өлшеусіз үлес қосты. Ол өзінің сайлау алды насихат жұмысы кезіндегі әңгімелерін бастарда осы әнді Түрік халқының гимні ретінде пайдаланды. Гимннің аты қазақтың «қара домбырасы» болғасын,  қазақ дипломаттары мен аудармашылары арасында азырақ әңгіме де болған. Алайда, ол әңгіме осы әннің авторы Арысланбек Сұлтанбековты  Ердоғанның өзі шақырып, бүкіл түрік елі алдында домбырамен өзіне шырқатқаннан кейін, бұл әңгіме басылды.

Түрік президенті Режеп Ердоған осындай ұлттық идеологиясымен өз халқының жүрегін жаулап алды. Өткен жылғы көтеріліс кезінде бүкіл түрік халқы Ердоғанды президент ретінде сақтап қалу үшін ештеңеден аянған жоқ.  Ердоғаннан айрылмаймыз деп, бүкіл түрік халқы көшеге шықты. Елдің ауқатты адамдарының өздері астарындағы ең қымбат көліктеріне дейін танкінің алдына қойды, көтеріліс жасаушы әскердің танкілерін орталыққа өткізбеу үшін. Осылайша түрік халқы өздерінің ұлттық мемлекеттерін сақтап қалды. Оның алдында олар Дарвиннің адамзаттың атасы маймыл деген, негізсіз тұжырымын мектеп оқулықтарының бәрінен алып тастаған болатын.      

Сондықтан, осы «ДОМБЫРА» әнін және Құрманғазы атамыздың «АДАЙ» күйін бүкіл түрік халқының ГИМНІ десе де әбден болады.

Қара: «ДОМБЫРАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН ҚАЗАҚ РУЫ» http://abai.kz/post/44512

Осы әннің мәтініндегі:

«Домбыра сазын ескен Атайлар

Мәнісіне ес берген Анайлар» дегенді кейбіреулер мұндағы Адайлар дегенді Атайлар, бұл сөздің Адайларға қатысы жоқ -  деген жаңсақ пікірлер жазып жүр. Ақиқатында, Адай мен Атай синоним. Ад (Ат), Ада (Ата), Адам (Атам), Адана (Атана) болып, «Т» дыбыс-таңбасы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысқан Ата дегенді білдіреді.

Осы айтқаныма айғақ ретінде айтарым, екінші қатардағы «Анайлар» деп отырғаны Адайдың анасы - Анайы.

Адайдың шежіре-дастандары Адайдың анасын, яғни Елтайдың жұбайының атын Анайы деп атайды.

           Бәйбіше Жанби сол жерде,

           Жалғыз қызым – Анайы

          Бердім саған - деп еді. (Нұрым жырау).

          «Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай» (Өмірзақ Қалбайұлы «Ер қосай» дастаны).

Немесе, «Кіші Жүз үш Алшынның бір баласы

                           Байұлы сегіз арыс Адайынан

                           Баласы Байқожаның атам Елтай

                           Туылған Адай едік Анайыдан» (Өмірзақ Қалбайұлы «Адайдан өткен жайсаңдар»).

Ежелгі шежіре-дастандардан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

          ...Кемпірдің даусын есітіп,

         Шошып Елтай оянды.

         Шіреніп тұрған қалмақты,

         Қақпастан ұрып құлатты.

         Қайратын елге сынатты.

         Арашалады қалмақтан

         Қолға түскен қатын-баланы.

         ...Келді кемпір-шалға берді сәлем,

         Берейін Анайымды деді – балам. (Бегей Елеусін жырау).

Түріктер (Түркия жұрты) Қазақты Ата жұрты санайды және ардақ тұтады. Олардың елінде айтқан сөзін жұтпайтын, «Ердің екі сөйлегені өлгені» деп білетін, бір сөзді мәрт адамның бәрін ҚАЗАҚ деп атайды. Олар өздерінің де, біздің де «авторлық құқығымызды» толықтай сақтап, малдың жүнінен тоқылған барлық бұйымдарды қазақ дейді. Тіпті бір қызығы «әйелінен қорықпайтын, үйінің билігін өз қолында ұстайтындарды да «қазақ» дейді. Қысқасы, еліндегі ер-азаматтың бойындағы барлық жақсы қасиеттерді «ҚАЗАҚ» деп атайтын көрінеді.  

Енді осының үстіне Мағжан Жұмабаевтың «Көп түрік енші алысып тарасқанда, қазақта қарашаңырақ қалған жоқ па?!» деп жазғанын қосыңыз.

Бүгінгі Түркияның  қазақ  елін, қазақ даласын ата жұрт, яғни қарашаңырағымыз деп атайтынын, күні кеше түріктердің әйгілі президенті Тұргұт Озалдың өз аузынан естідік.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға алғашқы ресми сапарларының бірінде журналистердің бірі Түркия Президенті Тұрғұт Өзалдан: «Тұрғұт аға, Түркияда қанша қазақ бар?» - деп сұрайды. Сонда Тұрғұт Өзал ойланбастан: «Түркияда мені қосқанда 63 миллион қазақ бар» - деп жауап беріпті» (Үш қиян. № 39 (447) 01.10.2009). Бұл сөз қарапайым жай адамның сөзі емес, бұл қазіргі 80 миллионға жуық қазіргі түрік атанып жүрген қазақты аузына қаратқан ел Президентінің сөзі. Егер олар тегін білмесе, бұндай сөз ол кісінің аузынан шықпаған болар еді.

17 сәуір 2015 жылы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми сапармен келді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қош келдіңіз құрметті бауырым. Біз сізді қуанышпенен қарсы аламыз”, – деп туысқандық ілтипатпен қарсы алды.

“Үш жылдан кейiн мен бiздiң ата-бабамыздың, әкелерiмiздiң отанына президент ретiнде келіп отырғаныма бақыттымын. Бұл сапардың мәнi ерекше. Өйткенi биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады. Осы айтулы оқиғамен бауырлас халықты шын жүректен құттықтағым келедi”, – деді Реджеп Тайып Ердоған. («Қазақ үні» газеті 17 сәуір 2015 жыл. http://www.qazaquni.kz/?p=35297).

Егер Түркілердің тегі Қазақ болмаса, Түркия Президенті Қазақстанды Ата-бабамыздың отаны деп атамаған болар еді.

«Түркияның мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясы алынып тасталды» деп хабарлады 24.kz (17 қаңтар 2017 жыл)

«Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз Дарвин эвалюциясы жай ғана теория екенін мәлімдеді. Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды. Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз мәлімдеді, деп хабарлайды Turkishminute порталы.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады.

Ведомство басшысы министрліктің бұл шешімі туралы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – «бұл жай ғана теория» деп жауап берді. «Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз».

Кеше ғана Түрік Президенті Тайып Ердоған: жасы 65-тен асқан барлық қарияларына:

-      Жеке тұрғын үй,

-      Тегін дәрігерлік қызмет,

-      Қалған өмірінің соңына дейін 300$ көлемінде жәрдемақы,

-      Және бір рет мемлекет есебінен Қажыға баруын қамтамасыз ету жайлы жарлық шығарыпты.

Ал біздің жағдайымыз «Ата жұрт өз атына ылайық болып тұр ма?» деген сұрақты өзінен өзі туындатып тұр. Орыс тілді билік иелеріне айтарымыз. Билік Сіздерге халыққа қызмет ету үшін берілді. Бұл Сіздерге елдің сеніп тапсырған  аманаты. Аманатқа қиянат жасамағандарыңыз жөн болады.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір