• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:50:10
Алматы
+35°

16 Қараша, 2018 Аймақтар

Ақтауда халық әртісі Айман Мұсақожаеваның кеші өтті

Маңғыстауға өнер сапарымен Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, скрипкашы Айман Мұсақожаева келді

Маңғыстауға өнер сапарымен Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, скрипкашы Айман Мұсақожаева келді. Өнер иесі 25 адамнан құралған ұжыммен қалың көрерменге классикалық кеш ұсынып, қошеметке бөленді.

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірін концерпен араламақпыз. Ақтөбе, Атырау, міне Ақтау қаласы, жалпы батыс өңірлерін аралап келдік. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстаздары, студенттері мен түлектерінен құралған «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрімен, «Тарлан» этно-ансамблімен бірге концерт беріп келеміз. Олар кеште өздері жазған әуендерін де орындайды. Сондай-ақ бүгін ұсынатын шығармаларымыздың қатарында Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Астор Пьицолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері», Дина Нұрпейісованың, Құрманғазының күйлері бар», — дейді өнер иесі.

Италия, Жапония, Польша, Финляндия сынды елдерде өнер көрсетіп, жоғары бағаға ие болып жүрген скрипкашы «XX ғасырдың 2000 көрнектi музыканты» атты дүниежүзiлiк құрметтi тiзiмге енген.

Сондай-ақ классикалық кеште көрермендер «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің өнерін де тамашалады. Республиканың үздік коллективі, камералық және симфониялық музыка орындау саласындағы еліміздің белгілі музыкалық брендіне айналған ұжым танымал туындылар мен қоса қазақ күйлерін де көпке ұсынды.

Халықаралық конкурстардың лауреаттарынан, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстаздары мен студенттерінен құралған ұжым 20 жыл бойы түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, әлемнің бірнеше елін гастрольдік турмен аралаған. Олардың қатарында Италия, Испания, Германия, Түркия, Иордания, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ т.б. елдер бар. Ұжымның дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асқар Дүйсембаев, көркемдік жетекшісі – ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева. Оркестр жақында Қазақстан мәдениетін таныстырмақ мақсатпен Италияға сапар шекпек.

Халық әртісінің түбектегі екінші концерттік сапары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған турне Астана қаласы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орайластырылған. Алда еліміздің оңтүстік, солтүстік өңірлерін араламақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір