• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:43:15
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 Аймақтар

Ақтауда ерлер арасында бокстан чемпионат басталды

Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 206 боксшы қатысады деп жоспарланған

Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 206 боксшы қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ әлемдік додаларда топ жарып жүрген Қайрат Ералиев, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Бекдәулет Ибрагимов, Абылайхан Жүсіпов, Теміртас Жүсіпов, Ілияс Сүлейменов, Ерік Әлжанов және ағайынды Төлтаевтар да бақ сынамақ.

Жарыс Ақтау қаласының 55 жылғы аясында өткелі жатқан жарысқа Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Ермахан Ибраимов, Серік Сапиев, жүлдегерлері Қанат Ислам, Болат Жұмаділов, Серік Елеуов, әлем чемпиондары Галиб Джабаров, Біржан Жақып, Азия ойындарының чемпионы Нұржан Кәрімжанов арнайы қонақ боп келмек.

11 қараша күні жарыс алдында баспасөз отырысы өтті. Оған ҚР бокстан Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Маңғыстау облысы бойынша бокс федерациясының Президенті Марат Орманов, Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев қатысты.

-Биыл Маңғыстауда 600 спорттық шара жоспарланған болатын. Оның ішінде 53 халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар. Ең маңыздыларының бірі – осы Бокстан Қазақстан чемпионаты. Бұл жарыс Маңғыстау тарихында бірінші рет осы өңірде өтіп жатыр. Осы чемпионаттан кейін Қазақстанның құрамасы құралатын болады, - дейді Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев.

Чемпион атанған боксшылар 2019 жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал Әлем чемпионатында 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Жарыс «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 12-18 қараша аралығында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір