• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:15:10
Алматы
+35°

06 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақ Жайықта мәміле орталығы ашылды

Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай  Татуласу орталығын ашып отырмыз

Елбасы  сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізу қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда БҚО-ның бірқатар аудандарында медиация орталықтары ашылуда. Жуырда Ақ Жайық өңірі тағы бір татуласу орталығымен толықты.  Зеленов ауданының орталығы  Переметный ауылында медиация орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Зеленов ауданының  әкімі Асхат Шахаров аталмыш нысанның маңыздылығына тоқталды.

 —Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай  Татуласу орталығын ашып отырмыз. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді халық даналығы. Адам қай уақытта да барлық істі ақыл-ойға жүгініп, байыппен шешуі керек. Ендігі уақытта көптеген мәселелер осы орталықта шешілетін болады. Сол себепті қоғам болып, әр істе бірлік, байсалдылық танытуымыз керек. Орталықта елге сөзі өтетін ардагерлер де баршаға ақыл-кеңесін беретін болады, — деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы. Одан соң шараға қатысушылар бөлмелерді аралап, орталық жұмысымен танысты. Шара аясында аудан әкімі А.Шахаров пен аудандық соттың судьясы Роза Сариева, аудандық ішкі істер бөлімнің басшысы Сары Әлішер Сағындықұлы мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылбек Ищанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Меңдалиев пен медиатор Аманжол Жұманиязов меморандумға қол қойды. Айта кету керек, аталмыш орталықта медиатор, адвокат, ақпараттық кабинет жұмыс жасайды. Осы орайда айта кетсек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі «Татуласу орталығы» жобасы еді. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру болып табылады. Ендігі уақытта жаңадан ашылған  орталықта дауласушыларды келістіру, мүмкін болса татуластыру, істі сотқа қаратпай тыңдыру жұмыстары жүргізілетін болады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір