• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:24:10
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2018 Кәсіпкер

Америкалық бойжеткен тікелей эфирде оққа ұшты (видео)

Құқыққорғау органдары эфирдің растығын мойындады.

Америкалық тұрғын Фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында оққа ұшқан. Бұл туралы WGN9 хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Чикагода, Вашингтон саябағына таяу маңда орын алған. Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, 27 жастағы америкалық бойжеткен әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп келе жатқан уақытта жол бойындағы көлікте отырған әйелмен сөзге келіп қалады. Жанжал барысында көлікте отырған әйел екіншісіне оқ атады. Зардап шегушіге оқ тигенімен тікелей эфирді үзген жоқ. Кейін анықталғандай, жанжалдасқан екі әйел таныс болып шықты.

Оқ атылған сәт видеоға түспеген, алайда құқыққорғау органдары эфирдің растығын мойындады. Жергілікті полиция оқ атқан әйелді іздестіруде.

Зардап шегуші ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір