• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:53:20
+35°

24 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Алтынбек Қоразбаев: "Тау құлап кеткендей таңғалыста болдым"

100-ден астам ұлыс бүгінге дейін осынау бармақтай ғана қазақ жерінде тату-тәтті ғұмыр кештік...

"Нұрсұлтан Әбішұлы менің өнерімді, менің әндерімді жақсы көреді. Осыдан тура 30 жыл бұрын, ол кезде кеңес кезі болатын, мені Алматыға шақырып алып, екеуміз өнер туралы ұзақ сөйлестік. Сол кезде мен ол кісінің әнге, өнерге өте құштар екенін жақсы түсіндім.

Алматыда болған менің жеке концертіме қатысып, бастан-аяқ тыңдады. Одан кейін жеке қонаққа шақырып алып, 4-5 сағаттай ол кісінің алдында домбырамен ән айтып, тамаша отырыс болған еді. Одан кейін де бірнеше рет жолықтық.

Ол кісінің 60 жылдық мерейтойында Үшқоңыр жайлауына бардық. Сонда мені жеке шақырып алып, «Алтеке, осы Үшқоңыр жайлы ән жазсақ қайтеді» деп ұсыныс жасады. Біздің сол әнімізді халық өте жақсы қабылдады. Халық әні деп те жүреді ел аузында. Сол үшін өзімді бақытты азамат, бақытты композитор санаймын. Одан соң Сарыарқа жайлы өлең жаздық. Оның да әнін Нұрсұлтан Әбішұлы жазды.

Былтыр тұңғыш рет ораза ұстап, ауыз бекіттім. Сол кезде Елбасы Астанада ауыз бекіткен 350 мұсылман қауымына ауызашар берді. Сонда Елбасының жанында отырдым. Аман-сәлемнен кейін ол кісі «Алтеке, Қызылсайға барып тұрасың ба?» деді. "Аға, сіз Қызылсайды қайдан білесіз?" деп сұрадым. "Сенің әндеріңнің ішінде Қызылсай туралы айтылады емес пе?" Ел-жұрт қалай деп сұраған соң елім, жерім жайлы айтып бердім. Ол кісінің есте сақтау қабілеті таңғаларлық. Бірде «Алтеке, Көзіңнен айналайын» деген әніңді орындашы деген соң домбырамен айтып шықтым. Сөйтсем, бір-екі шумағын айтуды ұмытып кетіппін. Содан ол кісі менің домбырамды алып, өзі қоңыр дауымен айтып шықты.

Бір апта бұрын Елбасы өз орнын Қасым-Жомарт Кемелұлына берді. Мұның бәрі шынында біз күтпеген жағдай еді. Бәріміз таңғалдық. Кәдімгі тау құлап кеткендей өзім бір сондай таңғалыста болдым. Енді Нұрекең кемеңгер, ақылды адам ғой. Жасы келгенін мойындағысы келді ма, астындағы тағын Қасым-Жомарт Кемелұлына ұсынды. Заңдылық та шығар.

Елбасының қазақ елі, қазақ үшін күндіз күлмей, түндей ұйықтамай еңбек еткенін білеміз. 100-ден астам ұлыс бүгінге дейін осынау бармақтай ғана қазақ жерінде тату-тәтті ғұмыр кештік. Астананы салғызды. Сарыарқаның төріндегі Астананың саяси да, аумақтық да маңызы зор екенін білеміз. Оның әрбір кірпішіне дейін ол кісінің еңбегі сіңді. Елбасының Астананың әрбір көшесі мен кірпішіне дейін жобаладым деген сөзі бар. 20 жылдың ішінде Астана гүл жайнап, әлемдегі ең бір көркем қалаға айналды. Оған бүкіл халық куә.

Қасым-Жомарт Кемелұлының ең бірінші берген бұйрығы Елбасының кеудесіне Алтын жұлдыз тақты. Ол да жарасымды. Одан кейін Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгерту жайлы шешім шығарылды. Бұл енді әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Сондықтан біздің де аз уақытта үйреніп кететінімізге сенімдімін. Азамат ретінде әрине мен Астананың Нұрсұлтан деп өзгертілуін қолдаймын. Құтты болсын!"

Алтынбек ҚОРАЗБАЙҰЛЫ, Қазақстанның халық әртісі.

Ұсынған: Әсел ДАҒЖАН.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір