• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:36:59
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Әлем

Алмазбек Атамбаев: Біз екі алып державаны қатты ренжітіп алдық

Бізде атадан қалған сөз бар «Алыстағы туыстан жақын көршің артық» деген.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 22 қараша күні марапаттау рәсімі барысында Қырғызстаннан америкалық «Манас» транзиттік орталығын алып кететініне ешкім сенбегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешімге келуінің себебі – «көршілес екі үлкен державаны қатты ренжітіп алған».

Манас

«Жасыратыны жоқ – Ресей мен Қытай. Бізде атадан қалған сөз бар «Алыстағы туыстан жақын көршің артық» деген. Бірінші кезекте, Қытай және Ресей сынды ұлы державалармен дос болуға тиіспіз. Кейде бәрі керісінше болады. Мен қарым-қатынасты бұзуға мәжбүр болдым», - деді Атамбаев.

2001 жылы Бішкектегі «Манас» әуежайы маңында АҚШ-тың әскери базасы ашылған. 2003 жылы база транзиттік орталыққа айналды. Екі жақты келісімнің мерзімі 2014 жылы аяқталған, ал Қырғызстан келісімді ұзартудан бас тартты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір