• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:20:10
Алматы
+35°

02 Наурыз, 2018 Саяхат

Алматының көрікті жерлері (фото)

ҚР Бірінші Президенті атындағы саябақ - дендропаркі Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан

Алматы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан алып шаһар. Қала мен қала маңында жанға жайлылық сыйлайтын демалыс орындары жетерлік. Жыл сайын Алматыға келетін туристердің қатары да артып жатыр. Назарларыңызға Алматы шаһарына табаныңыз тиіп жатса, бару керек  жерлердің тізімін ұсынамыз!

Медеу

Медеу – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Медеу мұз айдыны Алматыдан 18 шақырым жерде орналасқан. Сәулет өнерінің ерекшелігі мен табиғи ерекшелігінің арқасында Медеу мұз айдыны әлемге танымал.

google.kz

Шымбұлақ

2510 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ тау-шаңғылық курорты -  Алматының  інжу-маржаны. Бұл жерде таудың таза ауасымен тыныстаумен қатар шаңғы тебуге болады.

google.kz

Көктөбе

 Көктебе – Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан төбе. Биіктігі – 1070 метр. «Көктөбе» теле-мұнарасы түрлі түсті жарықпен қала тұрғындары мен қонақтарын өзіне тартып тұрады. Көктөбеден Алматының сұлулығын тамашалауға әбден болады.

google.kz

Алмарасан

Алматының оңтүстік-батысында орналасқан тау шатқалы. Демалыс күндері жаяу қыдырып, әдемі пейзаждың куәгері болғыңыз келсе, Алмарасанға барыңыз! Шатқалдың жоғары жағында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте Үлкен Алматы көлі орналасқан.

google.kz

28 гвардияшыл-панфиловшылардың паркі

Алматының Медеу ауданында орналасқан саябақтың аумағы – 18 гектар. Аталған саябақ 19-шы ғасырдың соңында іргесі қаланған қаладағы ең алғашқы саябақ. Парк ортасындағы «Мәңгілік алау» - соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында лаулап тұратын от.

google.kz

Алматы зоопаркі

Алматы қаласындағы Орталық саябағында орналасқан зоопарк Орталық Азиядағы үлкен зоопарктердің қатарына кіреді. Жылдың кез келген мезгілінде жануарларды көруге әрі серуендеуге мүмкіндік береді.

google.kz

Тұңғыш Президент паркі

ҚР Бірінші Президенті атындағы саябақ - дендропаркі Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан.

google.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір