• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:36:39
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 NEWS

Алматыда теракт жасамақшы болған содырлар құрықталды

ҚР ҰҚК 10 қаңтар күні өткізілген арнайы операцияның видеосын жариялады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда теракт жасамақшы болған күдіктілерді қолға түсірді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҰҚК 10 қаңтар күні өткізілген арнайы операцияның видеосын жариялады.

«Қазақстанда теракт жасауға дайындалып жүрген ұсталды, олар Орта Азия елдерінің азаматтары екен. Олардың уақытша тұрған жерлерін тінту барысында жарылыс жасауға арналған заттар, түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды», - делінген хабарламада.

Тергеу ісі нәтижесінде қолға түскен күдіктілер ДАИШ содырларының тапсырмасын  орындап жүргендері белгілі болды. Олар жарылысты Алматы қаласында адам көп жиналатын жерде ұйымдастырмақ болған екен. Тергеу ісі әлі де жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір