• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:28:52
Алматы
+35°

30 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматы әкімі жаяу жүргінші жолын реконструкциялауды жеделдетуді тапсырды

Алматы әкімі қаланың жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын жеделдетуді тапсырды

Алматы әкімі қаланың жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын жеделдетуді тапсырды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис басшысы Абай алаңын қайта жаңғырту мен Тимирязев көшесіндегі BRT желісін салып жатқан мердігерлік ұйымдардың жұмыс қарқынының төмендігі мен сапасыздығын атап көрсетті.

Жұмыс сапары барысында ол қаланың Құрылыс басқармасына он күн ішінде Республика Сарайының алдындағы Абай алаңына кеспе тастар төсеуде кеткен олқылықтарды қалыпна келтіруді тапсырды. Бұдан өзге, қаланың барлық құрылыс алаңдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тиісті бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

«Қазіргі кезде қаланың тек тарихи орталығын реконструкциялау үшін үш мыңға жуық жұмыс орны құрылды, барынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Әрине, уақыт барынша тығыз, дегенмен Республика Сарайы алдына төселгендей сапасыз жұмыстың қажеті жоқ. Барлығын қайта төсеңдер», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары сапасыз жұмыстары үшін бірнеше мердігерлерге айыппұл салынған еді. Қала әкімдігінің комиссиясы көшелерді абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, мердігерлік ұйымдар атына қатаң ескертпелер жасаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір