• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:32:22
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Алаяқтардың қолына түспеу үшін не істеу керек?

Біреу сізді алдауға тырысып жатқанын, өзіңізді алаяқтықтан қалай қорғау керектігін және олардың табысқа жетуіне қалай жол бермеуді анықтауға болатын әдістер.

Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алып жататыны ақиқат. Біреу алдайды, қалтаңды қармайды. Тіпті сеніміңе кіріп, тақырға отырғызып кетуі мүмкін. Бірақ қалай сақтанған дұрыс? Qamshy.kz ақпарат агенттігі осыған байланысты өзіңізді алаяқтықтан қалай қорғау керектігін және алаяқтардың  табысқа жетуіне қалай жол бермеуді анықтауға болатын бірнеше кеңестерді оқырман назарына ұсынады.

Тіпті ең мұқият әрі қырағы адам да алаяқтың қармағына түсіп қалуы мүмкін. Алаяқтар үшін аңқау адамдар оңай олжа екені рас. Алдаудың түрлі қитұрқылық амалдары көп. Тек  олардың әрекетін логикалық тұрғыдан алдын ала ойласаңыз ғана алданбауыңыз бек мүмкін. Сонымен...

Егер сізге белгісіз адам ұсыныспен келсе...

1-қадам. Өзіңіздің есіміңіз бен мекен-жайыңызды қалай білгенін сұраңыз. Егер ол адам нақты жауап бере алмаса, ол сіз туралы ақпаратты, сідің номеріңізді интернеттен тапқан болуы мүмкін.

2-қадам. Сіз оның жеке куәлігін, аталған компанияға қатыстылығын және ол адамның лауазымдық қызметін сұраңыз. Оларды мүмкіндігінше мұқият тексеріңіз. Көптеген алаяқтардың ешқандай құжаты болмайды. Егер ол сізге қажетті құжаттарды берсе, оны мұқият оқып шығыңыз, себебі ол жалған болуы да мүмкін.

3-қадам. Ол адам келген компанияға қоңырау шалыңыз және олардың сізге қызметкерін жібергенін тексеріңіз. Әрбір ресми компанияның, ұйымның байланыс нөмірі болады. Егер ол адам сізге жеке телефон нөмірін ұсынған болса немесе мүлдем нөмірін беруден бас тартса, онда оның алаяқ екені айдан анық.

4-қадам. Алаяқ мүмкіндігін жіберіп алмау үшін сізді дереу бірдеңе жасауға сендіруге тырысады. Бірінші қарағанда керемет болып көрінетін мүмкіндіктерден сақ болыңыз, оның жалған болып шығуы да әбден мүмкін.

5-қадам. Компания туралы және оның қызметтері туралы ғаламтордағы пікірлерді міндетті түрде қараңыз. Онда алаяқтар туралы жаңалықтар өте тез таралды. Сіз әрқашан өз пікірлерімен бөлісетін арнайы сайттардан қажетті ақпаратты таба аласыз. Алаяқтар басқа компаниялардан ерекшеленіп тұрады.

6-қадам. Тауарлар мен қызметтердің ақысын қалай төлейтініңізді біліңіз. Алаяқтар қажетті ақшаны сол жерде қолма-қол немесе онлайн түрінде аудартып алуға тырысады.  Бұл дегеніміз, төлем жасалғаннан кейін ақша бергеніңізді дәлелдеуге немесе алаяқтың кім екенін білуге бірден-бір мүмкіндік болмайды.

Егер сіз алаяққа алданып, онымен мәміле жасасаңыз, ол сізден бұл туралы ешкімге айтпауыңызды сұрауы мүмкін. Мәміледен кейін алаяқ сізден мүмкіндігінше көп ақша алуға тырысады. Осы сәтте сіз сенген адамыңыздан күдіктене бастайсыз, алайда үмітіңізді үзбеуіңіз мүмкін. Себебі, сіз алданғаныңызды мойындағыңыз келмейді. Кейін төзімділігіңіздің амалы таусылғанда, алаяқтың жоспарын ашқыңыз келсе, ол іс-түссіз жоғалып кетеді. Барлық нөмірлері және онымен сөйлесудің басқа жолдары кенеттен қол жетімсіз болып қалады. Сондықтан алаяқтың құрығына түспеу үшін бейтаныс адамдарға сенбеңіз, мұқият болыңыз.

 Байланыссыз алаяқтық

Контактсыз алаяқтық ғаламторда SMS арқылы және сол сияқты әдістермен жүреді, яғни, алаяқтың адаммен жеке байланысқа шығуын талап етпейді. Бұл ең қауіпті әдістердің бірі және бүгінде ол ең көп таралған әдістің бірі, өйткені алаяқ адам өзіне қауіп төндірмейді және іс жүзінде ешқандай күш жұмсамастан әлеуметтік желіде бірден көп адамды алдай алады.

Байланыссыз алаяқтық қандай болуы мүмкін?

Мүмкін болатын жағдайлар және олардың шешімдері

1-жағдай. Сізге үлкен жүлдеге ие болғандығыңыз туралы хабарлама келеді. Ұтысыңызды алу үшін аз көлемдегі ақша жіберу немесе салық төлеуіңізді сұрайды. Мұндай сәтте өзіңіз ресми лотереяларға қатыспаған болсаңыз, бұл хабарды елемеңіз және оны бірден жойыңыз.

2-жағдай. Сізге банк картаңыздың блокқа түскені туралы мәтіндік хабарлама келеді. Оның құлпын ашу үшін сізге қауіпсіздік кодыңызды жіберу сұралады.

Тіпті нақты банк қызметкері де сізден қауіпсіздік кодын сұрауға құқылы емес. Бұл хабарды елемеңіз. Сондай-ақ, картаңыздың жағдайын тексеру үшін өз картаңызды шығарған банкке хабарласуыңызға болады.

3-жағдай. Сіз суретке, музыкаға, бейнеге, мобильді қосымшаға, бағдарламаға, құжатқа және т.б. сілтеме бар хабарды алдыңыз.

Бұл сілтемеге кірмеңіз. Осылайша, алаяқтарға телефонды, планшетті немесе компьютерді бұзуға, жеке деректерді алуға және сізден ақша ұрлау үшін пайдалануға көмектесетін вирустан сақтана аласыз. Ондай ссылкалар ақылы вирустар автоматты түрде жазылуы мүмкін. Мұндай шабуылдан қорғау үшін телефонға, планшетке немесе компьютеріңізге антивирус орнатып, оны үнемі жаңартып отыруыңыз керек.

4-жағдай. Сіз ғаламтор арқылы зат сатқан болсаңыз, сатып алушы сізге қоңырау шалып, тікелей банк картаңызға ақша аудару үшін картаныңыздың нөмірін, қауіпсіздік кодын және басқа мәліметтерді сүрауы мүмкін.

Сатып алушыға ақша аударуы үшін карточкаңыздың нөмірін айтуға болады. Ал ақшаны аударуға картаның қауіпсіздік коды, жарамдылық мерзімі және басқа да деректер қажет емес, алайда алаяқтар сіздің картаңыздан ақшаны ұрлау үшін соны білуге тырысуы әбден мүмкін.

Бұл кеңестер сізді алаяқтардан 100 пайыз құтқармайды, бірақ сізге қорғаныс пен қауіпсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда бірінші кезекте бәрі сізге және сіздің іс-әрекетіңізге байланысты екендігін естен шығармау керек.

 

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір