• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 20:33:30
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты: Күдіктен үміт басым

Қазақстандық адвокат Абзал Құспан шекараны заңсыз кесіп өтті деген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты тергеу жұмыстарының барысымен таныстырды.

Қазақстандық адвокат Абзал Құспан шекараны заңсыз кесіп өтті деген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты тергеу жұмыстарының барысымен таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін бір топ журналист пен Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбай жатқан Талдықорғандағы тергеу изоляторына барды. Адвокат әйелмен жеке кездесіп, жағдайын өз көзімен көріп, істің мән-жайын біліп қайтты. Тергеу изоляторына барған журналистердің бірі Сәуле Әбединова Facebook-тегі парақшасында видео жариялады.

"Оны Қазақстанда қалдырамыз ба, жоқ па? Бұған қатысты шешім қабылданған жоқ. Сайрагүл осыған ғана алаңдап отыр. Қандай жағдай болмасын, Қытайға жіберуге болмайды. Тергеу аяқталды, істің мән-жайын әзірге айта алмаймын. Сайрагүл де, біз де білеміз қандай жағдай болғанын", - деді Абазл Құспан. 

Сайрагүл Сауытбайға қатысты 368-баптың 1-бөлімі «Шекараны заңсыз кесіп өту» бойынша айып тағылды. Абзал Құспанның айтуынша, мұнда әйелдің заңсыз әрекетінен бұрын мақсаты негізге алынады.  Ал дүйім жұртқа мәлім Сайрагүлдің мақсаты – өз отбасына асықты. Тек Қытай тарапы оның құжаттарын белгісіз себептермен тартып алған. 

"Сайрагүл алаңдап отыр. Қазақстанның түрмесінде отырсам да, осында қалсам болды", - деп жеткізді адвокат әйелдің сөзін. 

Сайрагүл Сауытбай үкім шыққан уақытқа дейін Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыратын болады. Тергеу қызметкерлері мен ондағы тұрмыстық жағдайына байланысты ешқандай шағымы жоқ екен. Тіпті жолдасы мен екі баласын да көре алатын мүмкіндік бар. Денсаулығы да қалыпты. Абазл Құспан күдіктен үміт басым деп отыр. Тек көші-қон комитеті мен президент жанындағы комиссия арқылы әйелге Қазақстан азаматтығын алып беру керек дейді. Сонда мәселе оңынан шешіледі. 

Биыл сәуірдің ортасында Қазақстанға өткен Сайрагүлді мамырдың 22-сі кешке 21.00-21.30-дар шамасында шекара қызметкерлері, үйінде отырған жерінен ұстап әкеткен. Себебі әйел Қазақстан шекарасынан құжатсыз өткен. Ал әйелінің құжатсыз қалай өткенінен жолдасы Уәли Сіләм хабарсыз еді. Алғашында Жаркенттің уақытша тергеу изоляторында отырды. Бір-екі апта бұрын Талдықорған уақытша тергеу изоляторына ауыстырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір