• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:13:37
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 NEWS

Абайдағы зорланған баланың ісіне қатысты сот үкім шығарды

Алайда прокурор 7,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Түркістан облысы Абай ауылындағы жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жасөспірімнің ісіне нүкте қойылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін аталмыш қылмысқа қатысы бар, 4 күдіктінің біреуіне сот үкім шығарды. 16 жастағы сотталушы 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған колонияда жазасын өтейтін болады. 16 жастағы жасөспірімді сот залында қамауға алды. 

Алайда прокурор 7,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Еске салайық, әлеуметтік желіде "Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды" деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, Түркістан облысы ІІД-нің  өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлады. Аталмыш іске байланысты тергеу жұмыстары мен сот талқысы шамамен 1 жылға созылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір