• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:35:55
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"500 мың теңгені өмірімде көргенім жоқ" (видео)

Елбасы: қазір қазақстандықтар орташа есептегідей 500 мың жалақы алса, оның 50 мың теңгесін ипотекаға төлеуі аса қатты тиімсіз емес.

Қазақстандықтардың жалақысы қанша? Жақында Елбасының айтқан мәлімдемесі халық арасында қызу талқыға түсті. 

Еске салсақ,  Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тұрғын үй мәселесін көтерген болатын. 

"Санау бойынша, егер пәтер 10 млн тұратын болса, отбасы ай сайын 50 мың теңге төлеуі қажет. Алайда, қазір қазақстандықтар орташа есептегідей 500 мың жалақы алса, оның 50 мың теңгесін ипотекаға төлеуі аса қатты тиімсіз емес", — деді Елбасы. 

Алайда халық арасында бұл статистикамен келіспейтіндердің қарасы көп болды. Осыған қатысты Ринат Кибраев әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді. Аталмыш сауалнаманы Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Сауалнама кезінде көптеген адамдар отбасындағы бюджеттің 500 мыңға жетпейтінін айтқан. Енді бірі "өмірімде 500 мың теңгені көрмедім", — деп жауап берді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір