• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:57:20
Алматы
+35°

12 Қараша, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

40 сағатта 10 миллион теңге тапқыңыз келе ме?!!! 56млннеүшін?

«Attila Group» компаниясы әлемдегі бар қазаққа ортақ кемелді конвертер жасау үшін 56 миллион теңгеде аздық етеді деген пікірінен бас тартпайды.

«Attila Group» компаниясы тегін конвертер жасаушыларға 10 миллион теңге ұсынады.

Аса қадірменді, оқырман! Жақында ғана Елбасының жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің нұсқасы қабылданып, қазақ тілі 2025 жылға дейін латын графикасына ауысатыны белгілі болды. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ әліпбиінің конвертерін жасауға 56 миллион теңге қарастырылып жатқанын жариялаған.

Ал, 11 қыркүйекте парламенттік тыңдауда «Мемлекеттік тілдің біріңғай стандартты әліпбиінің конвертерін» ұсынған «Attila Group» компаниясының өкілі конвертер жобасында атқарылуға тиіс жұмыстар туралы Qamshy.kz порталында «Конвертер деген бір әріпті бір әріптің орнына қоя салу емес» деген мақала жариялаған.

#56миллионнеүшін? деген хэштегпен facebook әлеуметтік желісінде өздерін программист деп атаған Аршат Ораз, Ырымбек Ізғали, Райымбек Егембердиев және Нұрлан Құлымбетов, Meihua Zheng(Гүлім Оразбаева), Бейсен Ахметұлы секілді әлеуметтік желі қолданушылары «конвертер жобасына ешқандай қаржы кетпейді, «Attila Group» компаниясы жалған смета жасап отыр» деп мәлімдеді. Рымбек Ізғали мырза «Азаттыққа» берген сұхбатында конвертерді ешқандай қаржысыз, 2 сағат уақытта жасауға болатынын көрсетті.

Осы қисынға сүйенсек, кирилл-латын, латын-кирилл, төте-латын, латын-төте әліпбилерінің(Байтұрсынұлы әліпбиі) конвертерін әзірлеуге бар-жоғы 8 сағат уақыт кетеді. Сондай-ақ, «конвертер деген бір әріпті бір әріптің орнына ауыстыра салу» (Нұрлан Құлымбектов) қағидасымен төте жазудың да конвертерін жасау еш қиындық әкелмеуі тиіс.

Әлемде 17 миллионнан астам қазақ барын ескерсек, еліміздегі және өзге де ТМД елдерінде қоныстанған  15 миллион қазақ кирилл әліпбиін, Қытайдағы 1,5 миллион қазақ төте жазу графикасын қолданады. Ендігі кезекте латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бойынша 17 миллион қазақ ортақ әліпбиді қолдануға мүдделі. «Дүниежүзіндегі бар қазақтың отаны — Қазақстан (– Н. Назарбаев.)» екенін ескерсек, Қазақ елі үш әліпбиде, яғни, кирилл, төте, латын графикасына негізделген конвертерді ұсынуға міндетті. V Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Елбасы «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әрі әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам», - деген болатын.

Енді, қазақ әліпбилері арасында не үшін бір-біріне конвертация керектігіне қысқаша түсініктеме бере кетейік:

  1. Кирилл әліпбиінен латын графикасына конвертация жасау керектігі айтпаса да түсінікті.
  2. Латын әліпбиіне көшу процесі 2025 жылға дейін жалғасатынын ескерсек, 2 әліпби қатар қолданылатындықтан, латын графикасынан кирилл әліпбиіне конвертация жасау қызметінің де қосылуы міндетті. Мұнда ұрпақ сабақтастығын да ескерген жөн.
  3. Латын графикасынан төте жазуға, төтеден латынға конвертация жасау. Қытайдағы 1,5 миллион, Елге оралған 100 мың қазақ төте жазудың қолданушылары болып есептеледі. Сондықтан арғы беттегі мыңдаған тарихи-этнографиялық жазбаларды өзімізге аудару үшін және мемлекеттік саясатымызды, ағымдағы ақпараттарымызды қандастарымызға жеткізу үшін бұл да қазақ мемлекетінің міндеті.

          Қазақ әліпбиінің конвертері осы міндеттердің орындалуы үшін жасаулы тиіс. Мемлекеттің әрбір тиынына алаңдап отырған азаматтар «әр қазақ менің жалғызым» дейтін приницпті де ұмытпағаны жөн.

Ал байқауға келсек, оның шарты өте қарапайым.

Қатысушыларға «Attila Group» компаниясы ұсынған конвертер жобасының барлық міндеті жүктелмейді. Уақыт, қаржы талап ететін ұялы телефон қосымшасы, сайттар мен броузерлерге арналған plugin жасау сынды талаптар қарастырылмайды.  Тек үш әліпбидегі мәтінді бір-біріне қатесіз аударатын конвертер ұсынса болғаны. Байқауға қатысушы программистің қандай бағдарлама тілін қолданатыны, қандай жүйеге бағыттайтыны өз еркінде.

Байқаудың басталуы: 11.11.2017. сағат 22:00. Аяқталуы: 13.11.2017 сағат 14:00.

Өзін программист деп атаған азаматтар конвертер жасау үшін 2 сағат уақыт кететінін айтқан болатын. Біз жариялаған байқау уақыты бұдан 20 есе көп. Ендеше, барлық программистерге сәттілік тілейміз.

#‎56млннеүшін‬

Байқау қорытындысы фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде  көрсетіледі. Оған 3 филолог ғалым қазылық жасауы тиіс: Қазылар құрамын оқырмандар мен әлеуметтік желі қолданушыларының ұсынуын сұраймыз. Абай жолы романынан, Елбасы мақаласынан(емле қателігі аз болуы керек), мектеп оқулығынан 10 беттен 3 мәтін алынғаны жөн.

#‎56млннеүшін‬

Мәтіннің дұрыстығы 99.5%-дан кем болмауы тиіс. Яғни 1000 әріпке 5 қате «кешіріледі». Латын әліпбиінің емле ережесі қабылданбағандықтан негізгі бағыт кирилл мен төте жазу әліпбилерінің емлесіне негізделеді. Байқау қортындысына тәуелсіз сарапшы ретінде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек ханымды шақырамыз.

#‎56млннеүшін‬

Қазақ әліпбиінің конвертері арқылы халықаралық нормативтік құжаттар, мемлекеттік іс-қағаздары, оқулықтар, әдеби шығармалар аударылатынын ескерсек, оның емле заңдылығы мүлтіксіз болуына әр қазақ мүдделі деп ойлаймыз.

Байқау уақыты аралығында дайындалған конвертер байқау талаптарына жауап берсе, «Attila Group» компаниясы 10 миллион теңге сыйақы берумен қатар конвертер жасау үшін мемлекетке ұсынған құны 56 миллион теңге тұратын жобасынан бас тартады. Егер, осы уақыт аралығында қатесіз аударатын конвертер ұсына алмаса  «Attila Group» компаниясың атына айтылған әлеуметтік желілердегі сын иелері халық алдында кешірім сұрауы тиіс. Себебі, «қазақ әліпбиінің кемелді конвертерін жасау - уақытты, шығынды талап етпейді» деген ақпарат халықты адастырумен, алдаумен, қазақ тілін қорлаумен, мемлекет билігін қаралаумен тең.

Өз кезегінде «Attila Group» компаниясы әлемдегі бар қазаққа ортақ кемелді конвертер жасау үшін 56 миллион теңгеде аздық етеді деген пікірінен бас тартпайды.

Өзін программист деп атаған азаматтар мен тегін конвертер ұсынушылар осы байқауға қатысу үшін ертең яғни жексенбі сағ. 12:00-ге дейін тізімделуі тиіс.

Тел: +7 707 552 2797

Эл.пошта: [email protected]

 

Құрметпен, «Attila Group» компаниясы

 

Конвертер жасауға ыңғайлы болу үшін әліпби таңбаларын ұсынамыз:

 

Саны

Қазақ тілі таңбалары

кирилл

латын

төте

1

Аа

Aa

ا‎

2

Әә

A'a'

ءا

3

Бб

Bb

ب‎

4

Вв

 Vv

ۆ‎

5

Гг

Gg

‎‎‎ گ

6

Ғғ

G'g'

‎ ع‎

7

Дд

Dd

د

8

Ее

Ee

ە

9

Ёё

 

 

10

Жж

Jj

ج

11

Зз

Zz

ز

12

Ии

I'i'

ي

13

Йй

I'i'

 

14

Кк

Kk

‎ ك

15

Ққ

Qq

ق‎

16

Лл

Ll

‎ ل

17

Мм

Mm

م‎

18

Нн

Nn

‎ ن

19

Ңң

N'n'

ڭ‎

20

Оо

Oo

‎ و

21

Өө

O'o'

ءو

22

Пп

Pp

پ‎

23

Рр

Rr

‎ ر‎

24

Сс

Ss

س‎

25

Тт

Tt

‎ ت

26

Уу

Y'y'

ۋ

27

Ұұ

Uu

ۇ

28

Үү

U'u'

ءۇ

29

Фф

Ff

‎ ف

30

Хх

Hh

ح

31

Һһ

 Hh

ھ‎

32

Цц

 

 

33

Чч

 C'c'

چ

34

Шш

 S's'

ش

35

Щщ

 

 

36

Ъъ

 

 

37

Ыы

Yy

ى

38

Іі

Ii

 ءى

39

Ьь

 

 

40

Ээ

 

 

41

Юю

 

 

42

Яя

 

 

ٴ‎   —дәйекше (һәмзе) жіңішкелік белгісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір