• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:50:06
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 NEWS

13 жастағы жасөспірім «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Кездесу барысында департамент бастығы өзінің және жеке құрамның атынан тәрбие берген ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдірді.

Шымкентте өрттен екі баланы құтқарып қалған жасөспірімді қаланың бас полицейі қабылдады. Полиция департаментінің бастығы 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевты ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.

Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов батыр бала Бақытжанның ата-анасына да «Адам өмірін құтқаруда ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергені үшін» Алғыс хатын табыстады. Кездесу барысында департамент бастығы өзінің және жеке құрамның атынан тәрбие берген ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіріп, Бақытжанның ерлігі мен ержүректігінің арқасында барлық құрдастарына үлгі болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы Бақытжанға болашақта полицей мамандығын таңдаса, өз тарапынан қолдау көрсетіп, ықпал ететінін жасырмады.

Еске сала кетейік, сегізінші сыныпта оқитын Бақытжан отқа оранған үйге қорықпай кіріп, бір шетте бүрісіп отырған 6 жасар қызды және 3 жасар баланы далаға алып шыққан болатын. Бұл оқиғаға дейін қолын сындырып алғанына қарамастан ол осылайша ер азаматқа тән ерлік жасады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір