• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:25:01
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 Оқиғалар

13 жастағы жасөспірім 2 баланы өрттен аман алып қалды (фото)

Тергеу барысында өрт сөндірушілер үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорыққанынан көршілерге көмек сұрап кеткенін анықтады.

Шымкенттегі Абай ауданы Құрсай шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, үйде қалған екі баланы 13 жастағы жасөспірім құтқарып қалған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Отырар сайтының дерегін негізге алып.  Үйден өрт шыққанда үйде ата-анасы болмапты. Үш бала ғана болған.

13 жастағы бала

Тергеу барысында өрт сөндірушілер үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорыққанынан көршілерге көмек сұрап кеткенін анықтады. Ал 2005 жылғы жасөспірім анасынан өрт сөндіру қызметін шақыруын сұрап, өзі ойланбастан екі кішкентай бала отырған үйге жүгіріп кеткен. Жасөспірім дер кезінде 2013 жылғы қыз бен 2015 жылғы ұлды түтін болып кеткен үйден алып шыққан. Кейін үйде өрт шығып, оны өрт сөндірушілер сөндірді. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір